Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі Қамқоршылық кеңес алдында мектеп директоры және полиция инспекторының есебі

Автор: admin от 8-11-2018, 05:18, посмотрело: 16

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі
қамқоршылық кеңес алдында мектеп директоры және полиция инспекторы
атқарылған жұмыстары туралы есеп берді

Категория: Ақпарат

 

прайс лист

Автор: admin от 27-06-2018, 09:56, посмотрело: 132

10
прайс лист
прайс лист

Категория: Ақпарат

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 13-04-2016, 01:30, посмотрело: 998

29

Мектеп тарихы

 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі

80 жылдан астам уақыт тарихы бар киелі қара шаңырақ 1928 жылы ашылды.



Категория: Ақпарат, Мектеп туралы

 

Ұстаздар мен оқушылар арасында республикалық жалпыхалықтық диктант өткізілді.

Автор: admin от Вчера, 20:54, посмотрело: 1

0 М.Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде ҚР Президентінің 2018ж 19ақпандағы N637 Жарлығына сәйкес "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс -шаралар жоспары"негізінде ұстаздар мен оқушылар арасында республикалық жалпыхалықтық диктант өткізілді.

Категория: ---

 

2018 жылдың 10 қараша күніМұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру,сайлау жиналысы өтті

Автор: admin от 10-11-2018, 04:59, посмотрело: 11

0 Қараша айының 10 күні Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру,сайлау жиналысы өтті.Жиынға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Сихымова Алтын мен мектеп директоры Әбенов Жасұлан сөз сөйледі. Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының басшысының осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып,жаңа мерзімге көпшіліктің дауыс беруі арқылы қайта сайланды. Жиын соңында кәсіподақ ұйымының мүшелері марапатталып,бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім – болмысы жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым - кәсіподақ. Халық арасында зор сенімге, беделге ие ұйым-деп айтсақ та артық емес. Елбасының бағдарламасында көрініс тапқан негізгі бағыттар мен Қазақстан кәсіподақтарының съезі алға қойған жеті стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар көп- ақ. Басты мақсат: еңбек ұжымдарындағы заңдылықтар мен қауіпсіздік техникасын қадағалау, лайықты еңбекақының сақталуы, кәсіподақ ұйымының жұмысын нығайту, жұмысшылардың мүддесін қорғау- деді, өз сөзінде бастауыш кәсіподақ ұйымының басшысы Батырбекова Шынар.

.

Категория: ---

 

Мұғалімдер арасында аудандық спартакиада өтті

Автор: admin от 6-11-2018, 21:31, посмотрело: 11

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде волейболдан мұғалімдер арасында аудандық спартакида өтті. Әр аймақтан келген 10 команда өзара бақ сынасты.Ойын өте тартысты өтіп, І орын Е.Бекмаханов атындағы орта мектебі, ІІ орынды Домалақ Ене орта мектебі, ІІІ орынды М.Әуезов атындағы орта мектебі иеленді

Категория: ---

 

«Сыбдыры сұлу алтын күз» атты күзгі бал кеші өтті

Автор: admin от 6-11-2018, 05:15, посмотрело: 9

0 Табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде, алтын орны ерекше қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Күз дегеніміз –жазира даланың дархан дастарханы.
Күз-дегеніміз байлық молшылық. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында 8-9-10 сыныптар арасында «Сыбдыры сұлу алтын күз» атты сайыс өткізілді. Байқауды ұйымдастырған 11сынып оқушылары. Жас өрендердің өнері мен қабілетін, білімі мен пайымын таразыға салатын сайыс 8 кезеңнен тұрды.
1. Таныстыр
2. Әр ұлттың биі немесе классика
3. Ханшайым мен ханзаданың өнері
4. Күз аруының өнері
5. Таң қалдыру
6. Пародия
7. Күзгі дастархан мәзірі
8. Сән үлгісінде ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Бас жүлде 10а сыныбы, 1-ші орын 10ә сыныбы, 2-ші орын 9а- 9ә сыныптары, 3-ші орын 8а- 8ә сынып оқушылары алды.
Күз аруы М.Исабекова, Күз ханшайымы Е.Олжабаева, Күз ханзадасы Д.Беркін атанды.
Жеңімпаздар мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды. Байқау соңында көңілді би кеші болды.

Категория: ---

 
 

Құтқарушылар күніне орай Шу аудандық өрт сөндіру бөліміндегі кездесу

Автор: admin от 25-10-2018, 06:03, посмотрело: 32

0 2018 жылдың 25 қазан күні "Нұр Отан" партиясының Шу аудандық филиалының ұйымдастыруымен және Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушыларының қатысуымен аудандық өрт сөндіру бөлімінде кездесу өтті . Шара барысында өрт сөндіру қызметкерлері оқушыларды өрт сөндіру техникасымен, басқа да құрал-жабдықтарының жұмысымен таныстырды. Оқушылардың қойылған сұрақтарына дәйекті жауап беріліп, өрт сөндіру қызметінің қиын да, қауіпті және жауапты қызмет екендігі туралы айтылды.

Категория: ---

 

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті.

Автор: admin от 23-10-2018, 07:01, посмотрело: 27

0 Адам баласы қай ғасырда, қай дәуірде болса да білімді, сөзге шешен адамдарды ерекше құрметтеген. Ежелгі Грекияда Олимпиа ойындар кезде спорттық жарыстармен қатар ғалымдар мен ақындар да өз туындыларын көпшілікке таныстырған. Аңыз бойынша Геродоттың «Тарих» атты еңбегі Олимпиа ойындар кезінде жұртқа таныстырылып, бүкіл елге тараған. Әр ел өз данышпандарын мақтан етеді. «Шынымен де өмірде бәрі өткенші тек білім ескірмейді, керісінше толықтырылып, жаңарып тұрады. Білім беру әдіс-тәсілдері де өзгеріп, жаңарып жататыны белгілі,сонымен бүгінгі семинармыздың өзекті тақырыбы, оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту? Бағалауды қалай бағалау тиімді?» деген сұрақтарға жауап ретінде өткізілді. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Білім саласындағы озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларға білім беру жұмысын арттыруда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауда нәтижеге жетіп жүрген ұстаздардың тәжірибесімен бөлісті.

Категория: ---

 
Назад Вперед