» Материалы за Сентябрь 2015 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«СӘЛЕМ САҒАН СҮЙІКТІ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ

Автор: admin от 2-09-2015, 15:06, посмотрело: 360

1қыркүйек білім күні мерекесіне  орай «Сәлем саған сүйікті, Алтын ұя мектебім!»  атты салтанатты жиыны өтті. Жиын Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі мектебіміздің облыстық, аудандық пән олимпиадасының озат оқушылары Оспанбекова Рахима, Батырхан Аружан, Кемелханова Айжан, Кеңестегі Ерсайын, Сәкен Жібекке  сеніп тапсырылды.

            Жиынды мектеп директоры Әбенов Жасұлан Әлкенұлы құттықтау сөзімен ашып, мектебіміздің үздік ұстазы Шербекова Ақкүміс Дошжанқызына Республикалық «Өрлеу» Білім Ғылым технология порталының «Ұлағатты ұстаз»  медалімен марапаттады.  Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Дүрманов Тұрар Мұхамбетханұлы оқу жылының бұйрығымен таныстырды. Сонымен қатар құттықтау сөз, жиынымыздың құрметті қонақтары  ардагер ұстаздар Жаңабаев Тынышхан Шапауұлына  және апайға  берілді. Дәстүр бойынша 11 сынып оқушылары өздерінің іздерін басып, мектепке алғаш келген бүлдіршіндерімізге әртүрлі оқу  құралдарын және Қазақсан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан сыйлық «Менің Отаным-Қазақстан» атты кітабын салтанатты  тапсырды.

Алғашқы қоңырау салтанатында Аудандық білім бөлімінің әдіскері Аманжолова Арайлым  Нұрғазықызы және  Ардагер ұстаз Жаңабаев Тынышхан Шапауұлы  құттықтау сөз сөйледі.

 Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу сәтін  мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Халил Жасұлан және Қуантай Жангүлімге  тапсырылды.

Категория: Мектеп дәстүрі