» Материалы за Сентябрь 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тілім өлшеусіз қазына

Автор: admin от 15-09-2016, 15:12, посмотрело: 413

                                                                                                                            Ана тілің – арың бұл,

                                                                                                                              Ұятың боп тұр бетте.

                                                                                                                              Өзге тілдің бәрін біл,

                                                                                                                              Өз тіліңді құрметте.

Қадыр Мырза Әли

     Тіл қай елде болса да, қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті.  Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән – маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдарлы да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл - біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан "Ана тіліміз” дейміз. "Ананың тілі” деп, анамызды құрметтегендей, ерекше құрметтейміз.  Ана тілінің қадір – қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл – халықтың жаны, ұлттық болмысы. Тіл мен халық – егіз  ұғым. Ана тілі – халық болып, мемлекет болып өскеннен бері жан дүниеміздің айнасы өсіп – өніп төрлене беретін мәңгі құламайтын – бәйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек деп ойлаймын. Тілдің құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз сөз бақытқа жеткізеді. Расында еліміздің басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы қүндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап, босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы бізді аз толғандырып жүрген жоқ. Қай қоғамда  да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді. Тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігі – осы.  Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.  Ана тілін сүйген адам -  туған жерін, елін, Отаның, атамекенің сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырың, абзал сырын түсіне білуіне бсты себепкер -  қасиетті ана тіліміз. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезсі тең дәрежеде тұра алмайтындығы белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті деп ойлаймын. Ата – бабамыздан қалған қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішінді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл -  ана тілінің қадір – қасиетін арттыра түсері даусыз. 

                                                                                           Әлия Арыстанбек,

Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Категория: Мектеп дәстүрі