» Материалы за Ноябрь 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жасұландықтар өмірге белсенді

Автор: admin от 17-11-2016, 04:12, посмотрело: 219

Мектебімізде  «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұланбасын сайлау салтанатты жиыны өтті . Жиынды 11 сынып оқушылары Оспанбекова Рахима және Батырхан Аружан жүргізді. Жиында «ЖасҰлан» ұйымының Туы кіргізіліп, Гимні шырқалды. «ЖасҰлан » ұймының мүшелері өткен жылға қорытынды жасап, баяндама оқыды.                                      Үміткерлердің сенімді адамдары Жобалай Сания  мен Боранқұл Әсел үміткерлер туралы мәлімет беріп, сынып жетекшілері берген мінездемемен таныстырды. Ұланбасылыққа  үміткерлер 9 «Ә» сынып оқушысы   Әли Әсел  мен  9 «Ә» сынып оқушысы  Боранқұл Әсем өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сайлау нәтижесі бойынша Әли Әсел 44дауыс , Боранқұл Әсем  28 дауыс жинады. Нәтижесінде мектеп ұланбасыоығына-Әли Әсел , орынбасары болып Боранқұл  Әсем сайланды .  Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бекбаулова Ұланбасы Әли Әсел және орынбасары Боранқұл Әсемді   жеңістерімен құттықтап,  алдағы жұмыстарына табыс тіледі .11 сыныпқа көшкен, былтырғы оқу жылының «ЖасҰлан» ұйымының кеңес мүшелерін  марапаттап, алдағы  ҰБТ- де сәттілік тіледі .

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ұстаздық - ұлы құрмет...

Автор: admin от 17-11-2016, 03:28, посмотрело: 342

Ұстаз ұлағатты есім. «Адам бойындағы ең асыл қасиеттер- ізгілік пен білімділік» десек, ұрпақ жанына осы асылды дарытушы-мұғалім емес пе?

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...»

Мектебімізде  26 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ұлы мамандық иелеріне арналып,  «Ұстазым- ұлағатым, үлгі - өнегем!» тақырыбында апталық пен «Ұстазыңды ұлықта!» атты акция  өткізілді.

Мақсаты -ұстаздар күні -бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне апта арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету болатын.

Педагог-ұйымдастырушы Қ.Жанысбетова мен тәлімгер Т.Ахметжанова және 11 сынып оқушылары Ұстаздардың кәсіби мерекесіне және 1- қазан Қарттар күніне орай «Ұстазым- ұлағатым, үлгі - өнегем!» тақырыбында  үлкен мерекелік кеш ұйымдастырды  (суреттерде). Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі түгелдей қатысты.

Сонымен қатар, кешке ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, ардагер ұстаздарымыз арнайы шақырылды.

Әдемі кешті  11 сынып оқушысы  Батыл Бүлдіршіннің  ұстаздарына арналған монологымен ашылып, мектеп директоры, ұлағатты ұстаз  Жасұлан Әлкенұлының ұстаздарға арналған тілегі мен ұстаздар қауымының  бір тобын марапаттаумен жалғасын тапты.

Ұстаздарға тосынсый болғаны,  2015-2016 оқу жылының түлектері,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білімгерлері  Аружан Әлкен мен Иса Тоқтыбай  ұлағатты ұстаздарына деген өздерінің құттықтауларын  бейнежазба арқылы  әсерлі жеткізуінде еді.

Жүргізушілер  Б.Батыл мен А.Именов ардагер ұстаздарына түрлі сұрақтар қойып, сырлы сұхбат жүргізді.

Асыл ұстаздарына  деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын музыка пәнінің мұғалімі М. Шомаев пен мектебіміздің өнерлі жастары  А. Жексенбек, С.Әшім ,Ө.Әли, А. С.Лесіптер, М.Тауасар, З.Орынбекова,  А.Байсариева 

Ж.,Ұ. Маделбектер және бишілеріміз әсем әндерімен және билерімен  жеткізді.

Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын, өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеуде ұстаздар қауымының еңбегі жана берсін!

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп туралы

Автор: admin от 16-11-2016, 04:07, посмотрело: 300

Мектептің толық атауы:Жамбыл
облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» мемлекеттік
коммуналдық мекемесі

Мектеп типі:ауылдық

Оқытылу тілі: қазақ
тілі

Мектеп ғимаратының пайдалануға берілген жылы: 1970 жыл

Жобалық қуаты: 540

Жылыту түрі: автономдық

Мектеп ғимаратының типі:типтік

Құрылыс типі: кірпіш

2015-2016 оқу жылындағы мектеп жетістіктері, оның ішінде:

1.     Оқушылар жетістігі

2.     Мұғалімдер жетістігі

3.     Мектепаралық жетістіктері

Категория: Мектеп туралы

 
 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Автор: admin от 7-11-2016, 16:14, посмотрело: 556

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай 5-6 сынып оқушылары арасында «Ана тілім – мақтанышым, айбыным» атты тақырыпта мәнерлеп оқу және буклеттер жинағының байқауы өтті. Байқау нәтижесінде мәнерлеп оқудан Тампылбай Санжар 1-орын иеленді, Батырхан Ұлпан 2- орын, Тоқабай Нұрәлі 3-орын иеленді. Ал, буклеттер жинағын қорғаудан Шахмарал Санжар 1- орын иеленді, Тампылбай Санжар – 2-орын, Мақс ұт Аружан 3- орын иеленді.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет


 Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай 6 сынып оқушылары арасында «Отан отбасынан басталады» атты тақырыпта ата-аналар мен оқушылар арасында семинар –практикум өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

 

 


Категория: Мектеп дәстүрі

 
 
 

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз»

Автор: admin от 7-11-2016, 15:30, посмотрело: 585

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай, төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлік те төлдеп, тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.

Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз-байлық, молшылық.Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. 

Сондай берекелі күз айында аталып өтетін кештердің бірі-«Алтын күз» мерекесі. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында 8-10 сыныптар арасында«Сыбдыры сұлу алтын күз» атты күзгі кеш өткізілді. Кеш  сайыс түрінде өткізілді (суреттерде).Байқауды ұйымдастырған педагог-ұйымдастырушы Қ.Жанысбетова, тәлімгер Т.Ахметжанова және 11 «ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Н. Айнақұлова. Байқау мақсаты -әр оқушыны біліммен қоса, өнерді де алып жүруге дағдыландыру. Жас өрендердің өнері мен қабілетін, білімі мен пайымын таразыға салатын сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру

2.«Өнерлінің өрісі кең»

3.«Таңқалдыру»

4.«Күз тартуы»

5. «Ханшайым өнері»

6.«Күзгі сән үлгісі»

7. «Күз аруының өнері»

8. «Дәлме -дәл»

Байқауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділқазы алқасының төрайымы Г. Құралбаева, бейнелеу, сызу пәнінің мұғалімі Т.Құлдыбаев, технология пәнінің мұғалімі Б.Мамбетқұлов, музыка пәнінің мұғалімі М.Шомаев және 2015-2016 оқу жылының «Күз аруы» байқауының жеңімпазы, 11сынып оқушысы Р.Мақсұт сынды сайыс тазалығын, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы төрелік жасады.

Кеш өте жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды.

Осы кезеңнің ең қызықты сәті «Дәлме -дәл» және «Ханзада мен ханшайымның» көріністері мен әсерлі билері болды.

                Байқау соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, шешім шығарды.

Бас жүлдені – 10 «А» сынып, І-орынды 9 «А»сынып, ІІ-орынды 8 «Ә» сынып, ІІІ-орынды 9 «Ә» сынып иеленді.  «Күз аруы»- 10 «А» сынып оқушысы  М.Батырханға, «Күз ханшайымы»- 10 «А» сынып оқушысы А.Атееваға, «Күз ханзадасы» -8 «Ә» сынып оқушысы Д.Беркінге  бұйырды.

Осындай айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп сенеміз! Оқушылардың  әлі де талай жақсы өнерлерін көреміз деген ойдамыз.

Меруерт ЕРҒАЛИЕВА,

Мұхтар Әуезов атындағы

 шағын орталықты орта мектебінің 8 ә сынып оқушысы


Категория: Мектеп дәстүрі