» Материалы за 02.09.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай '' Сəлем саған сүйікті, Алтын ұя мектебім!'' атты салтанатты жиын өтті.

Автор: admin от 2-09-2018, 22:35, посмотрело: 45

0 Жиын Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл қою рəсімімен басталды. Оқушылар сапқа тұрғызылып, БƏД пəнінің мұғалімі Қ.Бектияров мектеп басшысы Жасұлан Əлкенұлына рапорт беріп болған соң, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Жиынды аудандық мəслихаттың депутаты, мектеп директоры Жасұлан Əлкенұлы Əбенов құттықтау сөзімен ашты. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрар Мұханбетханұлы Дұрманов оқу жылының басталғаны туралы бұйрықпен таныстырды. Сонымен қатар Тынышхан Шапауұлы ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мектеп директоры География пəнінің мұғалімі Қ. Медетбекованы 'Алаш ұстазы' журналының төс белгісімен марапаттады. Салтанатты жиынның алғашқы қоңырау соғу сəтін 1 сыныптың оқушылары орындады. 2018-2019 оқу жылының Білім күніне арналған мереке "Мен - кішкентай паириотпын" жəне "Астана-менің жүрегім" атты Бірыңғай білім сабағымен жалғасты.

Категория: ---