» Материалы за Октябрь 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Таза ауа-жанға дауа

Автор: admin от Вчера, 23:15, посмотрело: 1

0 Күз мезгілінде ұйымдастырылатын дәстүрлі санитарлық-тазалық айлығы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Мектеп қызметкерлері сенбілік барысында мектептің ауласын, айналасын жапырақтардан, күл-қоқыстан тазартты.

Категория: ---

 

Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары

Автор: admin от 19-10-2018, 05:27, посмотрело: 8

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде аталған шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дін істері және ақпараттық талдау бөлімі аға инспектор-теолог маманы М.Смаилов және «Жас Отан» ЖҚ бөлімше басшысы С.Тубекова арнайы қатысты. М.Смаилов оқушыларға дін туралы соның ішінде Ислам діні туралы толық ақпарат берді.Әлеуметтік желідегі теріс ағымдарға жетелейтін сайттарға кірмеуге және бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге шақырды. Діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық . Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралатыны, өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры екенін айтып өтті. Мектеп психологы Б.Сексенбаева оқушыларға «Діннен адастырар ағымдар» тақырыбында бейнеролик көрсетті. Кездесу соңында көрсетілген бейнеролик талқыланып, оқушылар теолог маманға өздерінің сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Категория: ---

 

Ұлдармен жұмыс

Автор: admin от 19-10-2018, 01:58, посмотрело: 8

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2018 жылдың 19 қазанында құқық бузушылықтың алдын алу тақырыбында 7-11 сынып ұлдары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Түсіндірме жұмыстарына мектеп директоры Ж.Әбенов, ЮПБУП инспекторы аға лейтенант Топашев Н, мектеп директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Категория: ---

 

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:

Автор: admin от 19-10-2018, 01:35, посмотрело: 6

0 Биыл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі түрде өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Жолдау 6 тараудан тұрады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ел арасында қызу талқылануда. Мемлекет дамуының кезеңдеріне бағытталған жоспарды жүзеге асыру үшін мектебімізде ұстаздар арасында жиын өтті. Оған мектеп директоры Ж.Әбенов, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша мектеп директоры Ж.Әбенов баяндама жасады. Баяндамасында «Елбасының 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы көпшіліктің көңілінен шыққан саяси басты құжат деп білемін. Елбасының Жолдауында өзекті мәселелер айтылды. Әсіресе, педагогтардың біліктілігін арттыруға қатысты көзқарасты өзгерту жайында сөз қозғалды. Елбасы Қазақстанның болашағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген жастарда екенін атап өтті. Білім саласына Елбасы тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған. Білім беру сапасы ұдайы назарда тұруы тиіс» деп атап өтті мектеп директоры.
Елбасы Жолдауында: «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір Жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!» деген жолдармен тұжырымдалады. Мектеп басшысы да ұжымды ауызбірлікке, ұйымшылдыққа шақырды.
Мектеп ұжымы да Елбасы ұсынған ел дамуының кешенді жоспарына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Жиын соңында мектеп директоры Жасұлан Әлкенұлы бұл Жолдаудың халық үшін аса маңызды, оны түсіндіру мен орындаудың қаншалықты мәні бар екенін айтты. Тарих пәні мұғалімдеріне оқушылар арасында Елбасымыздың сарабдал саясатының жемісінен туындап отырған Жолдауды түсіндіру жөнінде нәтижелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Категория: ---

 

Ашық бюджет

Автор: admin от 18-10-2018, 23:57, посмотрело: 9

0
Основные показатели финансовой деятельности организации образования
по состоянию на "1" октября 2018 г.





Средняя школа имени Ауезова
т 





Периодичность: ежеквартально








Среднее образование  ед. изм. 2018 год
годовой план план на период факт
1. Среднегодовой контингент обучающиеся чел. 607 607 607
средний расход на 1-го обучающегося тыс. тенге 290,151 310,576 230,723
2. Всего расходы, тыс.тенге тыс. тенге 176122 188520 140049
в том числе:        
3. Фонд заработной платы тыс. тенге 118322 128166 96836,2
из них:        
3.1. Адмиистративный персонал тыс. тенге 9397,2 9397,2 5376,9
штатная численность единиц 6 6 6
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 130,517 130,517 74,6792
3.2. Основной пересонал - учителя тыс. тенге 76804 86648,00 67957
штатная численность единиц 57 57 57
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 112,287 126,678 99,3523
3.3. Прочий педагогический персонал
(педагог-психолог, социальный педагог, вожатый и др.)
тыс. тенге 18907 18907 12414,2
штатная численность единиц 19,75 19,75 19,75
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 79,7764 79,7764 52,3806
3.4. Вспомогательный и технический персонал тыс. тенге 13213,9 13213,9 11088,1
штатная численность единиц 27,5 27,5 27,5
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 40,042 40,042 33,600
2. Налоги и другие обязательные платежи в бюджет тыс. тенге 20265,4 20803,7 16898,3
3. Коммунальные расходы
(свет, вода, отопление, связь,интернет, ареднда помещений и др.)
тыс. тенге 7109,3 8541,3 6959,5
4. Текущий ремонт помещений и оборудования тыс. тенге   0  
5. Капитальные расходы
(капительный ремонт, приобретение основных средств)
тыс. тенге 13653,8 13653,8 2000
6. Прочие расходы
(приобретение литературы, канцелярских и хозяйственных товаров и др.)
тыс. тенге 16771 17355 17355

Категория: Ашық бюджет

 

"ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ"

Автор: admin от 13-10-2018, 02:05, посмотрело: 11

0 13 қазан күні, сағат 10.00-де Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ" атты тақырыпта республикалық конференция өтті.
Конференцияда: 1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету : балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
3. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
4. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ немесе ТӨРТ «БОЛМАЙДЫ» ЕРЕЖЕСІ.
5. Кәмелетке толмағандар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
6. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
7. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ 10 БЕРЕКЕСІЗ ЖАҒДАЙ.
8. Балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары; тәрбие процесіндегі ата-ананың міндеті.
9. Ойын, жағымды мотивация жасаудың тәсілі сынды өзекті тақырыптар қаралды. Конференцияны мектеп психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүргізді.Әр оқылған баяндамадан кейін әсерлі бейнебаяндар ұсынылып отырды.
Аталған шарада ата-аналар аталған конференциядан бала тәрбиесіне байланысты қажетті мағлұматтар алды.



Категория: ---

 

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым ұлағатым, үлгі өнегем!» атты мерекелік кеш өтті

Автор: admin от 9-10-2018, 22:47, посмотрело: 16

0 Ұстаз ұлағатты есім. «Адам бойындағы ең асыл қасиеттер- ізгілік пен білімділік» десек, ұрпақ жанына осы асылды дарытушы-мұғалім емес пе?
Ұстаздар жайында халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...».
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстазым- ұлағатым, үлгі - өнегем!» тақырыбында үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылды.Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі және ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, ардагер ұстаздарымыз арнайы қатысты.
Кештің шымылдығы қазақ биімен ашылды. Аудандық мәслихаттың депутаты, мектеп директоры, ұлағатты ұстаз Жасұлан Әлкенұлы ұстаздарға арналған тілегі мен ұстаздар қауымының бір тобын облыстың Құрмет грамотасымен және мектепішілік мақтау қағазымен марапаттады.
Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің еліміздің ұлағатты ұстаздарға арнаған құттықтауы бейнежазба арқылы көрсетілді.
Жүргізушілер С.Әшім мен Ж.Мәделбек жас мамандар мен ардагер ұстаздарына түрлі сұрақтар қойып, сырлы сұхбат жүргізді.
Асыл ұстаздарына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын мектебіміздің өнерлі жастары мен бишілеріміз әсем әнмен және билерімен жеткізді.
6-7 сынып оқушылары ұстаздарға өздерінің жыр-шашуларын арнады.
Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын, өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеуде ұстаздар қауымының еңбегі зор. Ұстаздардың мерейі асқақтай берсін!

Категория: ---