» Материалы за 09.10.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым ұлағатым, үлгі өнегем!» атты мерекелік кеш өтті

Автор: admin от 9-10-2018, 22:47, посмотрело: 16

0 Ұстаз ұлағатты есім. «Адам бойындағы ең асыл қасиеттер- ізгілік пен білімділік» десек, ұрпақ жанына осы асылды дарытушы-мұғалім емес пе?
Ұстаздар жайында халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...».
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Ұстазым- ұлағатым, үлгі - өнегем!» тақырыбында үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылды.Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі және ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, ардагер ұстаздарымыз арнайы қатысты.
Кештің шымылдығы қазақ биімен ашылды. Аудандық мәслихаттың депутаты, мектеп директоры, ұлағатты ұстаз Жасұлан Әлкенұлы ұстаздарға арналған тілегі мен ұстаздар қауымының бір тобын облыстың Құрмет грамотасымен және мектепішілік мақтау қағазымен марапаттады.
Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің еліміздің ұлағатты ұстаздарға арнаған құттықтауы бейнежазба арқылы көрсетілді.
Жүргізушілер С.Әшім мен Ж.Мәделбек жас мамандар мен ардагер ұстаздарына түрлі сұрақтар қойып, сырлы сұхбат жүргізді.
Асыл ұстаздарына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын мектебіміздің өнерлі жастары мен бишілеріміз әсем әнмен және билерімен жеткізді.
6-7 сынып оқушылары ұстаздарға өздерінің жыр-шашуларын арнады.
Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын, өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеуде ұстаздар қауымының еңбегі зор. Ұстаздардың мерейі асқақтай берсін!

Категория: ---