» Материалы за 13.10.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ"

Автор: admin от 13-10-2018, 02:05, посмотрело: 35

1 13 қазан күні, сағат 10.00-де Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ" атты тақырыпта республикалық конференция өтті.
Конференцияда: 1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету : балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
3. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
4. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ немесе ТӨРТ «БОЛМАЙДЫ» ЕРЕЖЕСІ.
5. Кәмелетке толмағандар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
6. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
7. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ 10 БЕРЕКЕСІЗ ЖАҒДАЙ.
8. Балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары; тәрбие процесіндегі ата-ананың міндеті.
9. Ойын, жағымды мотивация жасаудың тәсілі сынды өзекті тақырыптар қаралды. Конференцияны мектеп психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүргізді.Әр оқылған баяндамадан кейін әсерлі бейнебаяндар ұсынылып отырды.
Аталған шарада ата-аналар аталған конференциядан бала тәрбиесіне байланысты қажетті мағлұматтар алды.



Категория: ---