» Материалы за 19.10.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары

Автор: admin от 19-10-2018, 05:27, посмотрело: 58

2 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде аталған шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дін істері және ақпараттық талдау бөлімі аға инспектор-теолог маманы М.Смаилов және «Жас Отан» ЖҚ бөлімше басшысы С.Тубекова арнайы қатысты. М.Смаилов оқушыларға дін туралы соның ішінде Ислам діні туралы толық ақпарат берді.Әлеуметтік желідегі теріс ағымдарға жетелейтін сайттарға кірмеуге және бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге шақырды. Діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық . Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралатыны, өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры екенін айтып өтті. Мектеп психологы Б.Сексенбаева оқушыларға «Діннен адастырар ағымдар» тақырыбында бейнеролик көрсетті. Кездесу соңында көрсетілген бейнеролик талқыланып, оқушылар теолог маманға өздерінің сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Категория: ---

 

Ұлдармен жұмыс

Автор: admin от 19-10-2018, 01:58, посмотрело: 59

1 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2018 жылдың 19 қазанында құқық бузушылықтың алдын алу тақырыбында 7-11 сынып ұлдары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Түсіндірме жұмыстарына мектеп директоры Ж.Әбенов, ЮПБУП инспекторы аға лейтенант Топашев Н, мектеп директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Категория: ---

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауды мектеп ұжымының арасында насихаттау, талқылау жиналысы өтті.

Автор: admin от 19-10-2018, 01:35, посмотрело: 65

2 Биыл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі түрде өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Жолдау 6 тараудан тұрады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ел арасында қызу талқылануда. Мемлекет дамуының кезеңдеріне бағытталған жоспарды жүзеге асыру үшін мектебімізде ұстаздар арасында жиын өтті. Оған мектеп директоры Ж.Әбенов, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша мектеп директоры Ж.Әбенов баяндама жасады. Баяндамасында «Елбасының 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы көпшіліктің көңілінен шыққан саяси басты құжат деп білемін. Елбасының Жолдауында өзекті мәселелер айтылды. Әсіресе, педагогтардың біліктілігін арттыруға қатысты көзқарасты өзгерту жайында сөз қозғалды. Елбасы Қазақстанның болашағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген жастарда екенін атап өтті. Білім саласына Елбасы тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған. Білім беру сапасы ұдайы назарда тұруы тиіс» деп атап өтті мектеп директоры.
Елбасы Жолдауында: «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір Жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!» деген жолдармен тұжырымдалады. Мектеп басшысы да ұжымды ауызбірлікке, ұйымшылдыққа шақырды.
Мектеп ұжымы да Елбасы ұсынған ел дамуының кешенді жоспарына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Жиын соңында мектеп директоры Жасұлан Әлкенұлы бұл Жолдаудың халық үшін аса маңызды, оны түсіндіру мен орындаудың қаншалықты мәні бар екенін айтты. Тарих пәні мұғалімдеріне оқушылар арасында Елбасымыздың сарабдал саясатының жемісінен туындап отырған Жолдауды түсіндіру жөнінде нәтижелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Категория: ---