» Материалы за 23.10.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті.

Автор: admin от 23-10-2018, 07:01, посмотрело: 27

0 Адам баласы қай ғасырда, қай дәуірде болса да білімді, сөзге шешен адамдарды ерекше құрметтеген. Ежелгі Грекияда Олимпиа ойындар кезде спорттық жарыстармен қатар ғалымдар мен ақындар да өз туындыларын көпшілікке таныстырған. Аңыз бойынша Геродоттың «Тарих» атты еңбегі Олимпиа ойындар кезінде жұртқа таныстырылып, бүкіл елге тараған. Әр ел өз данышпандарын мақтан етеді. «Шынымен де өмірде бәрі өткенші тек білім ескірмейді, керісінше толықтырылып, жаңарып тұрады. Білім беру әдіс-тәсілдері де өзгеріп, жаңарып жататыны белгілі,сонымен бүгінгі семинармыздың өзекті тақырыбы, оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту? Бағалауды қалай бағалау тиімді?» деген сұрақтарға жауап ретінде өткізілді. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Білім саласындағы озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларға білім беру жұмысын арттыруда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауда нәтижеге жетіп жүрген ұстаздардың тәжірибесімен бөлісті.

Категория: ---