Мектеп директоры

Автор: admin от 20-04-2016, 02:36, посмотрело: 1089

0 Әбенов Жасұлан Әлкенұлы 1970 жылы, 9 шілдеде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында (Новотройцкое селосы) дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша филология факультетін бітірген.

         1987 жылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті бітірген.

         1988 жылы Шу қаласындағы №7 Кәсіптік техникалық училищесін «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша аяқтаған.

         1988-1990 жылдары – Кеңес әскери армиясының қатарында әскери борышын атқарған.

Еңбек жолын 1991 жылы Шу қаласындағы локомотив депосында темір ұстасы жұмысынан бастаған.

1991-1997 жылдары – Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі.

1997-1998 жылдары – Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1998-2000 жылдары – Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2000-2011 жылдары - Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2011-2013 жылдары – Д.А.Қонаев ауылы, Төле би атындағы орта мектебінің директоры.

2013 жылдың сәуір айынан бастап және қазіргі уақытқа дейін Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің директоры, қазақ мәдени орталығының төрағасы.

Жанұялы, бір ұл, бір қыз тәрбиелеуде.

Әбенов Жасұлан Әлкенұлы ерен еңбектерінің арқасында  «Ауданның білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Құрмет грамотасы» 2005 ж.  «Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі үшін» Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Құрмет грамотасы»  2007 ж.

 «Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде оңды нәтижелерге қол жеткізгені үшін» Шу ауданы әкімінің «Алғыс хаты» 2010 ж. марапатталған.

         Әбенов Жасұлан Әлкенұлы  білім саласының дамуына жемісті еңбек сіңірген, қоғамдық жұмыстарды белсене ұйымдастыратын және мектеп ұжымы арасында беделді басшы.


Категория: Әкімшілік

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *