Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңес отырысының№ 6 ХАТТАМАСЫ

Автор: admin от 26-05-2020, 23:16, посмотрело: 3

0 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының алдында
мектеп директорының есеп беру
№ 6 ХАТТАМАСЫ
Күн тәртібінде:


Төле би ауылы 26.05.2020 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры, әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары

Күн тіртібінде:

1.2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі. (Ж.Әбенов)

Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Ж.Әбенов сөзінде мектепте 600 оқушы білім алады.Олардың жекелеген санаттағы 82 бала тегін ыстық тамақпен және тегін оқулықтарымен қамтылды. Құрамында 5 адамнан тұратын бракераж комиссия мүшелері әзірленген тегін ыстық тамақтың сапасын және мөлшерін күнде бақылауға алып отырды.
2019 жыл 03.07. – 30.09. аралығында мектепте өткізілген «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жекелеген санаттағы және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларды қажетті көмек6ен қамтамасыз ету үшін мердігерлерді тарту жұмыстары жүргізілді. Өткізілген жұмыстарының нәтижесінде балаларға мектеп директоры, аудандық маслихат депутаты Ж.Әбенов 39000 теңге, ЖК М.Басжанов 30000 теңге, аудандық мешіті 102000 теңге, ЖК А.Амирмұхаммедұлы 112000 теңге, Шу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бастығы Б.Төлендиев 10000 теңге және «Сақ-Шырақ» ЖШС директоры Ж.Каденов 30000 теңге, барлығы 323000 теңге көлемінде көмек көрсетілгенін айтып кетті.
2020 жылы қаңтар айында мектепте өткізілген «Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясы аясында демеушілер Д.Медетбекова, Н.Тулебаеваның тарапынан 40000 теңгеге жекелеген санаттағы 3 бала жылы күртешелерімен қамтамасыз етілді.
Әлемде болып жатқан пандемияға байланысты наурыз айының 16- жұлдызынан төтенше жағдай және карантин жарияланғаны баршамызға мәлім.Талапқа сай мектеп ұжымы және оқушылар қашықтықта жұмыс атқарды. ІV-тоқсан 6 - сәуірден басталып, балаларға қашықтықта сабақ жүргізілді. Жекелеген санаттағы балалардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 24 отбасындағы 61 бала компьютермен қамтылды. Барлық мұғалімдер сабақтарын бекітілген сабақ кестесі, күнтізбелік сабақ жоспары және талапқа сай бекітілген БЖБ және ТЖБ жұмыстарын уақытында қашықтықта орындап отырды.Сонымен қатар, мектеп ұстаздары мен оқушылары ұйымдастырылған онлайн пән олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға иеленіп, дипломдармен марапатталды. KZ күнделігінде уақытында толтырып отырғандарын айтып кетті Бекітілген мектептің жылдық жоспары бойынша Zoom платформасы арқылы педагогикалық кеңес, мектеп директорының жанындағы отырыс және конференциялар өткізілді.
Мектепте үш мәрте залалсыздандыру жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, қауіпсіздікті сақтау үшін АББ-нің тарапынан залалсыздандыруға қажет етілген заттар берілді.
Биылғы мектеп түлектеріне мектеп бітіру туралы атттестаттарын тапсыру рәсімі 03.- 04.06. күндері өткізілетінін және оқушыларды, олардың ата-аналарын «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасымен таныстырып, маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек екендігін айтып, түсіндіру жұмыстары өткізілгенін айтып кетті.
Сонымен қатар, Ж.Әбенов өз сөзінде мектепте өткізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуына жақын қалғанын мәлімдеді. Жекелеген санаттағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары атқарылып, сыртқы сауықтыру лагеріне стандарттың талаптарына сай құжаттары әзірленіп, оқушылардың тізімі дайын екендігін айтып өтті.

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе

ШЕШІМ ЕТЕДІ :

1.2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.
Қамқоршылық кеңес отырысының№ 6 ХАТТАМАСЫ
Қамқоршылық кеңес отырысының№ 6 ХАТТАМАСЫ
Қамқоршылық кеңес отырысының№ 6 ХАТТАМАСЫ
Қамқоршылық кеңес отырысының№ 6 ХАТТАМАСЫ
Қамқоршылық кеңес отырысының№ 6 ХАТТАМАСЫ

Категория: Ақпарат, Қамқоршылық кеңес

 

«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының № 5 ХАТТАМАСЫ

Автор: admin от 20-05-2020, 23:30, посмотрело: 7

0 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
№ 5 ХАТТАМАСЫ

Төле би ауылы 20.05.2020 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры

Күн тәртібінде

1.Мектеп бітіру іс-шарасын ұйымдастыру
2.Жекелеген санаттағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

Тыңдалды:
1.1.Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшесі Дәуренқұлова Шынар «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасымен таныстырды. Сөзінде 11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтетінін айтты.Сонымен қатар, іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы 20 минут болуы тиіс екенін түсіндірді.Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек екендігін айтты.
1.2.Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Бексұлтанов сөзінде мектеп бітірушілерге автокөліктерді жалға алып, ауыл арасында саяхат жасауға және мейрамхана, дәмханаларында мерекелік дастарханды ұйымдастыруға шектеу қойылғанын айтып кетті.
1.3.Мектеп директоры Ж.Әбенов сөзінде түлектер рәсімге міндетті түрде мектеп формасында қатысатынын ескертті.
Сұрақ: кеңес мүшесі К.Шарипов
-Іс-шараға түлектердің ата-аналары қатыса алады ма?
Жауап:
-Қатыса алады.
2.Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі К.Алтыбаева сөзінде жекелеген санаттағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы, яғни балалар Муқанов атындағы сыртқы сауықтыру лагерінде демалатынын айтты. Балалар көмекке мұқтаж болған күнде көмек ұйымдастыру қажет екендігін ескертті.

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе


ШЕШІМ ЕТЕДІ :


1.Мектеп бітіру іс-шарасын ұйымдастыру барысында жоғарыда аталған тұжырымдаманың талаптары қатаң сақталып, өткізілсін.
2. Жекелеген санаттағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға атсалысу.




















Категория: Қамқоршылық кеңес

 

«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес алдында мектеп инспекторының беру

Автор: admin от 20-12-2019, 23:29, посмотрело: 7

0 «Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы қамқоршылық кеңес алдында
мектеп инспекторының беру есебі
№ 4 ХАТТАМАСЫ

Төле би ауылы 20.12.2019 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры, полиция инспекторы

Күн тәртібінде:

1.Мектеп инспекторының қамқоршылық кеңесінің алдында беру есебі (К.Адашов)
2. Аудан әкімінің жаңажылдық шыршасына баратын жекелеген санаттағы оқушыларды анықтау
Тыңдалды:

1.Бірінші мәселе бойынша мектептің учаскелік полиция инспекторы, Шу АПБ-нің ЖПҚ-ның ювеналды бөлімшесінің полиция капитаны К.Адашов өзінің сөзінде Шу аудандық ЖПҚ ЮПБ – де есепте тұрған оқушы жоқ екендігін айтты. Ал мектепішілік тіркеуде мектеп ережесін бұзғаны үшін 2 оқушы тіркеуге алынған. Сонымен қатар, 1 жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан 4 оқушы бар екендігін айтып кетті. Осы оқушылардың жағдайын анықтауда тұрғын үйлеріне учаскелік инспектор, ДҚІЖО, әлеуметтік педагог және мектеп психологы бірігіп рейдтер жүргізіліп отырады.Ұлдар арасында тәртіп бұзу салдары туралы түсініктеме жұмыстары өткізіледі. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп директорының бұйрығымен ер мұғалімдерден 4 мобильді топ құрылып, аптасына 1 рет және мереке күндері Төле би ауылының саябақ, мейрамхана, кафе, компьютерлік клубтарына рейдтер ұйымдастырылатынын айтты.
2.Екінщі мәселе бойынша кеңес мүшесі Ш.Дәуренқұлова аудан әкімінің жаңажылдық шыршасына баратын жекелеген санаттағы оқушыларды анықтау мәселесін көтерді. Мәселені талқылай келе, шыршаға баратын үш оқушы анықталды.Олар: Мұратбек Жасұлан (1 сынып), Али Айша (5 сынып), Дәулетәлі Марлен (5 сынып)
Сұрақ: қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Бексултанов
- Аталған оқушыларға қандай көмек қажет?
Жауап:
- Шыршаға киетін кейіпкерлердің костюмдері қажет.
Көмек көрсету жолдары талқыланып, шешімін тапты.

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе

ШЕШІМ ЕТЕДІ:


1.Учаскелік мектеп инспекторының атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
2.Аудан әкімінің шыршасына қатысатын балалардың жағдайларын талапқа сай ұйымдастырылсын.


«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес алдында  мектеп инспекторының беру















Категория: Қамқоршылық кеңес

 

«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі

Автор: admin от 16-11-2019, 23:28, посмотрело: 6

0 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы қамқоршылық кеңес алдында
мектеп директорының есебі
№ 3 ХАТТАМАСЫ
Төле би ауылы 16.11.2019 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры


Күн тәртібінде:

1.2019-2020 оқу жылының І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі. (Ж.Әбенов)

Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Ж.Әбенов сөзінде мектепте 598 оқушы білім алады.Олардың жекелеген санаттағы 65 бала тегін ыстық тамақпен және тегін оқулықтарымен қамтылды. Асханада әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кезекшілік, тамақ ішетін кестесі ұйымдастырылған. Асханаға әкелетін азық-түліктің және әзірленген тегін ыстық тамақтың сапасын бақылау үшін құрамында 5 адамнан тұратын бракераж тобы құрылған. Тамақтың сапасы мен мөлшері күнде бақылауға алынған.
03.07. – 30.09. аралығында мектепте өткізілген «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жекелеген санаттағы және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларды қажетті көмекпен қамтамасыз ету үшін мердігерлерді тарту жұмыстары жүргізілді. Өткізілген жұмыстарының нәтижесінде балаларға мектеп директоры, аудандық маслихат депутаты Ж.Әбенов 39000 теңге, ЖК М.Басжанов 30000 теңге, аудандық мешіті 102000 теңге, ЖК А.Амирмұхаммедұлы 112000 теңге, Шу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бастығы Б.Төлендиев 10000 теңге және «Сақ-Шырақ» ЖШС директоры Ж.Каденов 30000 теңге, барлығы 323000 теңге көлемінде көмек көрсетілгенін айтып кетті. Сонымен қатар, мектептің оң жағында күрделі жөндеу жұмыстары өткізіліп, оқушылар 2 аусымда оқитынын және сабақтар талапқа сай өз дәрежесінде өткізіліп жатқанын айтты.

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе


ШЕШІМ ЕТЕДІ :

1.2019-2020 оқу жылының І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.

































Категория: Қамқоршылық кеңес

 

«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

Автор: admin от 28-08-2019, 23:21, посмотрело: 9

0 ЖамбылоблысыШуауданыәкімдігінің білім бөлімінің
«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
№ 1 ХАТТАМАСЫ

Төле би ауылы 28.08.2019 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры

Күн тәртібінде

1.«Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы аясында жекелеген санаттағы балаларға қажетті көмегін ұйымдастыру
2. Мектептің 2019 – 2020 жаңа оқу жылына дайындығын анықтау
3. Жаңа оқу жылының сабақ кестесін бекіту
Тыңдалды:
1.1.Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшесі Дәуренқұлова Шынар жылда «Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы 2 ай өтетін.Биыл 2019 жыл 03.07. – 30.09. аралығында 3 ай өтетінін ескертті.Акциясы барысында жекелеген санаттағы балаларға осы қамқоршылық кеңесінің мүшесі ЖК А.Амирмұхаммедұлы 6 бала, мектеп директоры 2 баланы мектеп формасы және спорттық киімдерімен қамтығанын айтты. Сонымен қатар, акция жалғасын табуда.Қалған қамқоршылық кеңес мүшелерін қамқорлық жасауға шақырды.
2.2.Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Бексұлтанов сөзінде мектепте күрделі жөндеу жұмыстары желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін басталғандықтан мектептің жарты бөлігі жабылып , екінші бөлігінде оқушылар оқитыны туралы айтты. Күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қамқоршылық кеңестің бақылауында болатынын ескертті.
3.3.Үшіншімәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Бексұлтанов жаңа оқу жылының сабақ кестесін бекітті.

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе


ШЕШІМ ЕТЕДІ :
1.«Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы өз дәрежесінде өтуін қадағалау.
2.Мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының өтілуі назарға алынсын.
3.Жаңа оқу жылының сабақ кестесі талапқа сай іске асырылсын.
«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

Категория: Қамқоршылық кеңес

 

«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының № 2 ХАТТАМАСЫ

Автор: admin от 21-08-2019, 23:22, посмотрело: 7

0 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы қамқоршылық кеңес отырысының
№ 2 ХАТТАМАСЫ

Төле би ауылы 21.08.2019 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры, мектеп инспекторы

Күн тәртібінде

1.«Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы аясында жекелеген санаттағы балаларға қажетті көмегін ұйымдастыру
2. Мектептің 2019 – 2020 жаңа оқу жылына дайындығын анықтау
3. Жаңа оқу жылының сабақ кестесін бекіту
Тыңдалды:
1.1.Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшесі Дәуренқұлова Шынар жылда «Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы 2 ай өтетін. Биыл 2019 жыл 03.07. – 30.09. аралығында 3 ай өтетінін ескертті.Акциясы барысында жекелеген санаттағы балаларға осы қамқоршылық кеңесінің мүшесі ЖК А.Амирмұхаммедұлы 6 бала, мектеп директоры 2 баланы мектеп формасы және спорттық киімдерімен қамтығанын айтты. Сонымен қатар, акция жалғасын табуда.Қалған қамқоршылық кеңес мүшелерін қамқорлық жасауға шақырды.
2.2.Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Бексұлтанов сөзінде мектепте күрделі жөндеу жұмыстары желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін басталғандықтан мектептің жарты бөлігі жабылып , екінші бөлігінде оқушылар оқитыны туралы айтты. Күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қамқоршылық кеңестің бақылауында болатынын ескертті.
3.3.Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Бексұлтанов жаңа оқу жылының сабақ кестесін бекітті.

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе


ШЕШІМ ЕТЕДІ :
1.«Мектепке жол» республикалық қамқорлық акциясы өз дәрежесінде өтуін қадағалау.
2.Мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының өтілуі назарға алынсын.
3.Жаңа оқу жылының сабақ кестесі талапқа сай іске асырылсын.































Категория: Қамқоршылық кеңес

 

Мектеп директоры Ж.Әбенов және Шу АІІБ ЖІІҚ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н. Топашев Қамқоршылық кеңес алдындағы есебін берді.

Автор: admin от 16-04-2019, 04:10, посмотрело: 259

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2018-2019 оқу жылының II-жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша мектеп директоры
Ж.Әбенов және Шу АІІБ ЖІІҚ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н. Топашев Қамқоршылық кеңес алдындағы есебін берді.
Мектеп директоры Ж.Әбенов және Шу АІІБ ЖІІҚ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н. Топашев Қамқоршылық кеңес алдындағы есебін берді.
Мектеп директоры Ж.Әбенов және Шу АІІБ ЖІІҚ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н. Топашев Қамқоршылық кеңес алдындағы есебін берді.
Мектеп директоры Ж.Әбенов және Шу АІІБ ЖІІҚ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н. Топашев Қамқоршылық кеңес алдындағы есебін берді.
Мектеп директоры Ж.Әбенов және Шу АІІБ ЖІІҚ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н. Топашев Қамқоршылық кеңес алдындағы есебін берді.

Категория: Қамқоршылық кеңес

 

Қамқоршылық кеңесінің жоспардан тыс отырысының хаттамасы

Автор: admin от 19-03-2019, 23:52, посмотрело: 10

0 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жанындағы қамқоршылық кеңесінің
жоспардан тыс отырысының

№ ХАТТАМАСЫ

Төле би ауылы 2019 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры

Күн тәртібінде:
1.Мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу туралы

Тыңдалды:
1.1.Мәселе бойынша мектеп жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бексултанов Ердос Нурмагиловичтің сөзінде мектеп ғимараты 1970 жылы соғылған.Жылда жаз айында ағымды жөндеуден өткізілгенімен тозығы жеткен.Қырық тоғыз жылы бойы күрделі жөндеуден мектеп ғимараты өтпегені туралы айтты.
1.2.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Нашарбеков Абас өз сөзінде осы мектепте көп жылы еңбек еткенін айтты.Мектеп әкімшілігі мен ұжымы жылда қолдан келген ағымды жөндеулер өткізеді.Бірақ асхана, үшінші қабаттың және дәліздің төбесінен су ағатынын айтып кетті.
1.3.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ата-аналар өкілі Алтыбаева Клара Омирбаевна сөзінде мектеп ғимаратының сыртқы сылағының көп жері түсіп, әрең тұрғанын және оқушылар үшін қауіпті екенін айтып жеткізді.
1.4.Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шарипов Канибек Адибасович мектептің қазандығының жағдайы өте нашар екенін,сонымен қатар, мектеп асханасына да күрделі жөндеу қажет екендігін және мектеп терезелері қазіргі заманның талаптарына сай емес екендігін айтты.

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебіжанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1.Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу өткізу қажет.
Қамқоршылық кеңесінің  жоспардан тыс отырысының хаттамасы

Категория: Қамқоршылық кеңес

 
 
 
Назад Вперед