» » Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы міндетіне сәйкес, «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жиналыстан мәлімет

 
 
 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы міндетіне сәйкес, «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жиналыстан мәлімет

Автор: admin от 4-02-2018, 23:46, посмотрело: 128

0

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі, мұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің қарыштап дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудыратыны айтпаса да белгілі. Өкінішке қарай, жең ұшынан жалғасатын, көз қысты, бармақ басты әдет әлі де болса қоғам індетіне айналып отыр. Осы тұста айта кететінім, жемқорлықпен қарсы күресте барлық азаматтар заң мен сот алдында тең. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты.

Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін еске салады. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық –бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады.

         Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында М.Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты» тақырыпта ұйымдастырылған жиналыста  мекеме қызметкерлері Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселесін талқылады. Жиналысты мектеп директоры  Ж.Әбенов ашып, Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың тоғызыншы міндетінде белгіленген жемқорлыққа  қарсы күрес және заңның үстемдігі маңыздылығына тоқталып, атқарылған шаралар мен алға қойылған міндеттер туралы таныстырды.  Әсіресе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бірге жұмыс жүргізу жолдары айтылды.

Сонымен қатар, функционалдық лауазымдық міндетіне сәйкес педагог-ұйымдастырушы Қ.Жанысбетова «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршамызға ортақ міндет» атты тақырыпта баяндама жасады.

Орайы келгенде айта кеткен дұрыс, Үкіметтің қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілгені белгілі. Сыбайлас жемқорлыққа жол беру – өз елінің болашағы үшін жасалған қастандық, Отан алдындағы кешірілмес күнә деп түсіну қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құзырлы органдардың міндеті емес, бұл барша қазақстандықтардың тікелей міндеті деп білемін.

 

 

 

Категория: Ақпарат, Мектеп туралы, Мектеп дәстүрі, Оқушыларға, Ата-аналарға, Әкімшілік

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *