Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы міндетіне сәйкес, «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жиналыстан мәлімет

Автор: admin от 4-02-2018, 23:46, посмотрело: 128

0

Президентіміз жыл сайынғы Жолдауларында қоғамның жегіқұрты жемқорлықты тізгіндеп, ауыздықтаудың бағыттарын нұсқап, оның жүзеге асырылуын қатаң қадағалап отыратыны баршамызға белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың тоғызыншы бағытында сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы тағы да нақты тоқталды.

Категория: Ақпарат, Мектеп туралы, Мектеп дәстүрі, Оқушыларға, Ата-аналарға, Әкімшілік

 

8 желтоқсан күні «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарының өткізілді

Автор: admin от 11-12-2017, 04:15, посмотрело: 155

0 «Сыбайлас-жемқорлық  деген не?» «Сыбайлас-жемқорлық» деген «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. ҚР «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды.БҰҰ 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Категория: Мектеп туралы, Мектеп дәстүрі, Оқушыларға, Ата-аналарға, Әдістеме мен практика

 

First september in 2017. 1- қыркүйек 2017ж.

Автор: admin от 23-09-2017, 01:06, посмотрело: 159

0

Open lesson with the school Director. Abenov Zhasulan Älkenuly. Мектеп директорымен ашық сабақ. Жамбыл облысы, Шу ауданы, М.Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі. Әбенов Жасұлан Әлкенұлы

Категория: Мектеп туралы, Мектеп дәстүрі, Әкімшілік, Әдістеме мен практика

 

Жасұландықтар өмірге белсенді

Автор: admin от 17-11-2016, 04:12, посмотрело: 219

Мектебімізде  «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұланбасын сайлау салтанатты жиыны өтті . Жиынды 11 сынып оқушылары Оспанбекова Рахима және Батырхан Аружан жүргізді. Жиында «ЖасҰлан» ұйымының Туы кіргізіліп, Гимні шырқалды. «ЖасҰлан » ұймының мүшелері өткен жылға қорытынды жасап, баяндама оқыды.                                      Үміткерлердің сенімді адамдары Жобалай Сания  мен Боранқұл Әсел үміткерлер туралы мәлімет беріп, сынып жетекшілері берген мінездемемен таныстырды. Ұланбасылыққа  үміткерлер 9 «Ә» сынып оқушысы   Әли Әсел  мен  9 «Ә» сынып оқушысы  Боранқұл Әсем өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сайлау нәтижесі бойынша Әли Әсел 44дауыс , Боранқұл Әсем  28 дауыс жинады. Нәтижесінде мектеп ұланбасыоығына-Әли Әсел , орынбасары болып Боранқұл  Әсем сайланды .  Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бекбаулова Ұланбасы Әли Әсел және орынбасары Боранқұл Әсемді   жеңістерімен құттықтап,  алдағы жұмыстарына табыс тіледі .11 сыныпқа көшкен, былтырғы оқу жылының «ЖасҰлан» ұйымының кеңес мүшелерін  марапаттап, алдағы  ҰБТ- де сәттілік тіледі .

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ұстаздық - ұлы құрмет...

Автор: admin от 17-11-2016, 03:28, посмотрело: 341

Ұстаз ұлағатты есім. «Адам бойындағы ең асыл қасиеттер- ізгілік пен білімділік» десек, ұрпақ жанына осы асылды дарытушы-мұғалім емес пе?

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...»

Мектебімізде  26 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ұлы мамандық иелеріне арналып,  «Ұстазым- ұлағатым, үлгі - өнегем!» тақырыбында апталық пен «Ұстазыңды ұлықта!» атты акция  өткізілді.

Мақсаты -ұстаздар күні -бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне апта арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету болатын.

Педагог-ұйымдастырушы Қ.Жанысбетова мен тәлімгер Т.Ахметжанова және 11 сынып оқушылары Ұстаздардың кәсіби мерекесіне және 1- қазан Қарттар күніне орай «Ұстазым- ұлағатым, үлгі - өнегем!» тақырыбында  үлкен мерекелік кеш ұйымдастырды  (суреттерде). Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі түгелдей қатысты.

Сонымен қатар, кешке ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, ардагер ұстаздарымыз арнайы шақырылды.

Әдемі кешті  11 сынып оқушысы  Батыл Бүлдіршіннің  ұстаздарына арналған монологымен ашылып, мектеп директоры, ұлағатты ұстаз  Жасұлан Әлкенұлының ұстаздарға арналған тілегі мен ұстаздар қауымының  бір тобын марапаттаумен жалғасын тапты.

Ұстаздарға тосынсый болғаны,  2015-2016 оқу жылының түлектері,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білімгерлері  Аружан Әлкен мен Иса Тоқтыбай  ұлағатты ұстаздарына деген өздерінің құттықтауларын  бейнежазба арқылы  әсерлі жеткізуінде еді.

Жүргізушілер  Б.Батыл мен А.Именов ардагер ұстаздарына түрлі сұрақтар қойып, сырлы сұхбат жүргізді.

Асыл ұстаздарына  деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын музыка пәнінің мұғалімі М. Шомаев пен мектебіміздің өнерлі жастары  А. Жексенбек, С.Әшім ,Ө.Әли, А. С.Лесіптер, М.Тауасар, З.Орынбекова,  А.Байсариева 

Ж.,Ұ. Маделбектер және бишілеріміз әсем әндерімен және билерімен  жеткізді.

Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын, өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеуде ұстаздар қауымының еңбегі жана берсін!

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Автор: admin от 7-11-2016, 16:14, посмотрело: 556

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай 5-6 сынып оқушылары арасында «Ана тілім – мақтанышым, айбыным» атты тақырыпта мәнерлеп оқу және буклеттер жинағының байқауы өтті. Байқау нәтижесінде мәнерлеп оқудан Тампылбай Санжар 1-орын иеленді, Батырхан Ұлпан 2- орын, Тоқабай Нұрәлі 3-орын иеленді. Ал, буклеттер жинағын қорғаудан Шахмарал Санжар 1- орын иеленді, Тампылбай Санжар – 2-орын, Мақс ұт Аружан 3- орын иеленді.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет


 Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай 6 сынып оқушылары арасында «Отан отбасынан басталады» атты тақырыпта ата-аналар мен оқушылар арасында семинар –практикум өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

 

 


Категория: Мектеп дәстүрі

 
 

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз»

Автор: admin от 7-11-2016, 15:30, посмотрело: 585

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай, төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлік те төлдеп, тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.

Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз-байлық, молшылық.Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. 

Сондай берекелі күз айында аталып өтетін кештердің бірі-«Алтын күз» мерекесі. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында 8-10 сыныптар арасында«Сыбдыры сұлу алтын күз» атты күзгі кеш өткізілді. Кеш  сайыс түрінде өткізілді (суреттерде).Байқауды ұйымдастырған педагог-ұйымдастырушы Қ.Жанысбетова, тәлімгер Т.Ахметжанова және 11 «ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Н. Айнақұлова. Байқау мақсаты -әр оқушыны біліммен қоса, өнерді де алып жүруге дағдыландыру. Жас өрендердің өнері мен қабілетін, білімі мен пайымын таразыға салатын сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру

2.«Өнерлінің өрісі кең»

3.«Таңқалдыру»

4.«Күз тартуы»

5. «Ханшайым өнері»

6.«Күзгі сән үлгісі»

7. «Күз аруының өнері»

8. «Дәлме -дәл»

Байқауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділқазы алқасының төрайымы Г. Құралбаева, бейнелеу, сызу пәнінің мұғалімі Т.Құлдыбаев, технология пәнінің мұғалімі Б.Мамбетқұлов, музыка пәнінің мұғалімі М.Шомаев және 2015-2016 оқу жылының «Күз аруы» байқауының жеңімпазы, 11сынып оқушысы Р.Мақсұт сынды сайыс тазалығын, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы төрелік жасады.

Кеш өте жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды.

Осы кезеңнің ең қызықты сәті «Дәлме -дәл» және «Ханзада мен ханшайымның» көріністері мен әсерлі билері болды.

                Байқау соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, шешім шығарды.

Бас жүлдені – 10 «А» сынып, І-орынды 9 «А»сынып, ІІ-орынды 8 «Ә» сынып, ІІІ-орынды 9 «Ә» сынып иеленді.  «Күз аруы»- 10 «А» сынып оқушысы  М.Батырханға, «Күз ханшайымы»- 10 «А» сынып оқушысы А.Атееваға, «Күз ханзадасы» -8 «Ә» сынып оқушысы Д.Беркінге  бұйырды.

Осындай айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп сенеміз! Оқушылардың  әлі де талай жақсы өнерлерін көреміз деген ойдамыз.

Меруерт ЕРҒАЛИЕВА,

Мұхтар Әуезов атындағы

 шағын орталықты орта мектебінің 8 ә сынып оқушысы


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Тілім өлшеусіз қазына

Автор: admin от 15-09-2016, 15:12, посмотрело: 371

                                                                                                                            Ана тілің – арың бұл,

                                                                                                                              Ұятың боп тұр бетте.

                                                                                                                              Өзге тілдің бәрін біл,

                                                                                                                              Өз тіліңді құрметте.

Қадыр Мырза Әли

     Тіл қай елде болса да, қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті.  Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән – маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдарлы да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл - біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан "Ана тіліміз” дейміз. "Ананың тілі” деп, анамызды құрметтегендей, ерекше құрметтейміз.  Ана тілінің қадір – қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл – халықтың жаны, ұлттық болмысы. Тіл мен халық – егіз  ұғым. Ана тілі – халық болып, мемлекет болып өскеннен бері жан дүниеміздің айнасы өсіп – өніп төрлене беретін мәңгі құламайтын – бәйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек деп ойлаймын. Тілдің құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз сөз бақытқа жеткізеді. Расында еліміздің басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы қүндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап, босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы бізді аз толғандырып жүрген жоқ. Қай қоғамда  да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді. Тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігі – осы.  Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.  Ана тілін сүйген адам -  туған жерін, елін, Отаның, атамекенің сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырың, абзал сырын түсіне білуіне бсты себепкер -  қасиетті ана тіліміз. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезсі тең дәрежеде тұра алмайтындығы белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті деп ойлаймын. Ата – бабамыздан қалған қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішінді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл -  ана тілінің қадір – қасиетін арттыра түсері даусыз. 

                                                                                           Әлия Арыстанбек,

Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қыздармен жұмыс

Автор: admin от 20-04-2016, 02:29, посмотрело: 2935

19
МЕКТЕПІШІЛІК ҚЫЗДАРМЕН           ЖҰМЫС БОЙЫНША

     АТқАРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

мәліметі

     2015-2016 оқу жылы

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед