» » «СӘЛЕМ САҒАН СҮЙІКТІ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ

 
 
 

«СӘЛЕМ САҒАН СҮЙІКТІ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ

Автор: admin от 2-09-2015, 15:06, посмотрело: 359

0

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

____________ Ж.Әбенов

«____» _____ 2016 ж.

Мұхтар Әуезов атындағы  орта мектебі

«Сәлем саған сүйікті, Алтын ұя мектебім!» атты

салтанатты жиынның бағдарламасы

(Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар ілу)

Жоспары:
1.Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл шоқтарын қою

2.Оқушыларды сапқа тұрғызу

3.Қонақтардың орналасуы

4.Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туын көтеру

5. Гимн ойналады

6.Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру

7.Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана, ұстаз)

8.Ән жолданады

9.1 сынып оқушыларының әдеби монтажы

10.11 сынып оқушыларының 1 сынып оқушыларына сыйлық тапсыру рәсімі

11.Алғашқы қоңырау қағылады

12.Салтанатты жиынның жабылуы

 (Әуен ойналып тұрады)

Ашылуы  Қазақ биі

І - жүргізуші:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
ІІ- жүргізуші:
Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын, Білім күнің – мерекең!

І -жүргізуші:  Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!

ІІ -жүргізуші: Және күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!

І-жүргізуші: Биылғы оқу жылы ел тәуелсіздігінің  25 жылдығымен  тұспа-тұс келіп тұр.

ІІ-жүргізуші:Сонымен қатар, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өз ойын еркін айта білуге,жоғары білімді шығармашыл, дамыған тұлғаны қалыптастыру  мақсатында  12 жылдық оқыту бағдарламасы енгізілді.

  І-жүргізуші:12 жылдық оқытудағы негізгі әдістер: оқушының жеке бас ерекшелігін, ішкі қажеттіліктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу.Сондықтан биылғы оқу жылы 1 сынып оқушыларымен қатар 11 сынып оқушылары үшін де ерекше болмақ.

І-жүргізуші: Сәлден кейін 11 сынып оқушылары үшін соңғы алғашқы қоңырау соғылады. Алда оларды  Ұлттық бірыңғай тестілеу, ұйқысыз түндер мен ізденіске толы күндер күтіп тұр. Оларға тек қана табыстар тілей отырып, болашақ мектеп  түлектерін сынып жетекшілерімен   қарсы алайық!

11 «А» сыныбы: сынып жетекшісі Алиева Манзура Аманбекқызы.

/Музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

 

 

І -жүргізуші: 11 «Ә» сыныбы: сынып жетекшісі Айнақұлова Назгүл Бектұрсынқызы.

/Музыка әуенімен келіп сапқа  тұрады/

ІІ -жүргізуші:Білім күні - оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің және өзі оқыған мектебін ыстық көретін, есінде сақтап жүрген барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.

І -жүргізуші:1-қыркүйек күні бәрінен бұрын бірінші сыныпқа келетін оқушылар қуанады. Өйткені, бұл күн олар үшін әсерлі және есте қаларлықтай болып саналады.

ІІ-жүргізуші:  Олай болса, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ұстаздарымен ортаға шақырамыз. 1 «А» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз – Өткелбаева Клара Әлдибайқызы

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

І-жүргізуші:1 «Ә» сыныбын  білім әлеміне апаратын ұстаз – Қоңырбаева Гүлнұр Сегізбайқызы

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

ІІ-жүргізуші: 1 «Б» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз- Қалымбетова Салтанат Жұмағалиқызы.

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

І-жүргізуші:Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар! 2016 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы болып енді. Сол айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, мектеп өмірінде дәстүрге айналған «Сәлем саған сүйікті, Алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

ІІ-жүргізуші:Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

І-жүргізуші:Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы!

/ БӘД пәнінің мұғалімі Қ.Бектияров мектеп директорына рапорт береді /

ІІ-жүргізуші:

Бақытым осы емес пе төңірек-нұр,

Елтаңбам елдігімді белгілеп тұр.

Айбынды ата-бабам даңғыл жолы,

Көк туым аспанымда желбіреп тұр.

ІІ-жүргізуші:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі мектебіміздің облыстық, аудандық пән олимпиадасының озат оқушылары Оспанбекова Рахима, Батырхан Аружан, Кемелханова Айжан, Кеңестегі Ерсайын, Сәкен Жібекке  сеніп тапсырылады.

(ҚР Мемлекеттік Гимн орындалады).

І-жүргізуші:Бүгінгі салтанатты жиынға арнайы келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1.Аудандық білім бөліиінің әдіскері Аманжолова Арайлым Нұрғазықызы

2.Ардагер ұстаз Жаңабаев Тынышхан Шапауұлы

/келген қонақтармен таныстырады/

ІІ-жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да!-

І-жүргізуші:Алғашқы қоңырау  мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Әбенов Жасұлан Әлкенұлына  беріледі.

«Ұстазым» әнімен Әшім Сәкен және Әли Өміржан.

ІІ-жүргізуші:Жаңа оқу  жылының басталуы туралы мектеп директорының бұйрығымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Дүрманов Тұрар Мұхамбетханұлы таныстырады.

 

 

І-жүргізуші:Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

ІІ -жүргізуші:Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтары

1.Аудандық білім бөлімінің әдіскері Аманжолова Арайлым Нұрғазықызы

2. Ардагер ұстаз Жаңабаев Тынышхан Шапауұлына беріледі.

Асқар Мерейдің орындауында «Ұстазым»  әнін қабыл алыңыздар.

І- жүргізуші:Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты  болсын қадамың!

Төбеңде бейбіт күн күлсін!

Төмендемесін талабың! Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге беріледі. /5 оқушы өлең оқиды/

ІІ- жүргізуші:

Қадірлі мектеп – бұл мектеп,

Сендердей біз де болғанбыз.

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

11 сынып оқушылары атынан құттықтау сөз Батырхан Аружанға  беріледі.

І-жүргізуші:Бүгін  қазақстандық 1 сынып оқушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сыйлық - «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы тапсырылады.

 ІІ-жүргізуші:Аса көркем суреттермен безендірілген кітапта мектеп есігін ашқалы отырған балдырғандар үшін  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Мәңгілік ел» ұлттық бағдарламасы, Қазақстанның картасы,елордамыз - Астана, Алматы қаласы және әр аймақ туралы жеке  беттер ұсынылған. Елбасының сыйлығын тапсыру салтанаты мектеп бітіруші түлектерге беріледі.

(11 сыныптардың 1 сынып оқушыларына сыйлықтар тапсыру)   

I -жүргізуші:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың -  деп, 1 сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстаздардың атынан Өткелбаева Клара Әлдибайқызына  сөз кезегін береміз.

«Ұстазға мың тағзым» әнімен Мәделбек Жаңыл

І-жүргізуші:

Қандай ғажап қарашы жан- жағыңа, 
Күміс күлкі симай тұр, қара мұңға.
Ата-анадай бақытты бар ма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына. 
ІІ- жүргізуші:

Жақсы шәкірт, азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады .
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндеріміздің ата-аналары атынан Андабаева Алина Биғазықызына сөз беріледі
(Ата-анаға сөз беріледі).

Лесіп Аружан мен Лесіп Сабыржанның орындауында «Ана» әні.

І- жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын! – Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміз Халил Жасұлан және Қуантай Жангүлімді  ортаға шақырамыз.                                                                       

ІІ - жүргізуші:

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын.

Бал үнің сенің сырлы ырғақ,

Сыныпқа бізді бастасын.

І-жүргізуші:Қоңырау үні шарықта,

Мерейі үстем жыл болсын!

Шәкірттеріміз өрісті,

 Елімдер қыз бен ұл болсын!

І-жүргізуші:Ендеше, балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғайық! Алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.

Шомаев Мақсаттың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні

 І- жүргізуші:Осымен 1- қыркүйек  Білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, Алтын ұя мектебім!» атты мерекеміз өз  мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ, көк туымыз көгімізде желбірей берсін!

 ІІ-жүргізуші:Білім күніне арналған  мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мен- өз Отанымның  патриотымын!» тақырыбындағы білім сабағымен жалғасады.

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.