» » «Сыбдыры сұлу, Алтын күз»

 
 
 

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз»

Автор: admin от 7-11-2016, 15:30, посмотрело: 585

0
«Бекітемін»                                                                                                                                                   Мектеп директоры:

__________Әбенов Ж.Ә.

«___» _____ 2016 ж.

Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі

«Сыбдыры сұлу алтын күз»атты күзгі бал кешінің бағдарламасы

Күні:20.10.2016 жыл.

Өтетін орны: акт залы

Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығынарттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Сыбдыры сұлу алтын күз» атты күзгі балкешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық.

2-жүргізуші:

Күз — мереке, Күз — ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,

Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы.

1-жүргізуші:

Ақ көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,

Үлгі тұту әрқашан ойымыз бар,

Қырандай қанат қаққан ұл-қыздарға

Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар, - дей келе ендігі кезекте бүгінгі «Сыбдыры сұлу алтын күз» күзгі бал кешінің қатысушыларын ортаға шақырайық.

2-жүргізуші:

Әділқазы алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Құралбаева Гүлжан Байбағысқызы. /тәрбие ісі жөніндегі орынбасары / -әділқазылар алқасының

төрайымы

Мүшелері:

2.Құлдыбаев Төлеу Нұрғалиұлы.   - бейнелеу пәнінің мұғалімі

3.Сатылғанова Гүлмира Таңқашқызы.- технология пәнінің мұғалімі

4.Шомаев Мақсат Сағынышбекұлы.- музыка пәнінің мұғалімі

5.Махсұтова Раушан- 11 сынып оқушысы ,2015-2016 оқу жылының күз аруы байқауының жеңімпазы.

1-жүргізуші: . Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1.Таныстыру

(әр топ өздерін таныстырады топ аты, эмблемасы, плакат)

2.«Топ өнері»

(Би жарысы)

3.«Таңқалдыру»

(көрерменді таңқалдыру  )

4.«Күз тартуы»

(жеміс-жидектерден, көкөністерден салат дайындау)

5. «Ханзада мен Ханшайым өнері»

(көрініс )

6.«Күзгі сән үлгісі»

(күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)

7. «Күз аруының өнері»

(Үй тапсырмасын қорғау,сұраққа жауап беру)

8. «Дәлме дәл»

(танымал әншілерге пародия жасау)

2-жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.

1-жүргізуші:

Құрметті көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім

Ендеше бірінші кезеңіміз үміткер топтар өздерін таныстыруы.

2-жүргізуші:

Әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

1-жүргізуші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көкжалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңгесансызжалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызылмидай

Қырманда қызыл алтын, қызылмаржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметтікөрермендерсайыскерлеріміздің келесі кезең бойынша өнеріментанысайық.

2-жүргізуші:

Әділқазылар алқасы сайыскерлеріміздің бағасын берсеңіздер.

1-жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Келесі бөліміміз «Таңқалдыру» деп аталады.

2-жүргізуші:

Әділ қазы алқасынның «Таңқалдыру»  сайысына берген бағасын көрейік.

2-жүргізуші:

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.

1-жүргізуші:

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргенд ейбіржайұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік«Күз тартуы» деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, әр топ тағамдарын  таныстырып өтсін.

2-жүргізуші: Саусағынан бал тамған топтардың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылардан«Күз тартуы» сайысының бағасын сұрасақ.

1 - жүргізуші

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)
2-жүргізуші:

Әділ қазы алқасынның ханшайым мен ханзадаларға берген бағасын көрейік.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сәнүлгісі.Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

2-жүргізуші:

Сымбатты  қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.

1-жүргізуші:  

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

  Жібектей майда шуақ алтын күні.

  Биылғы мерекелі нұрлы күздің ,

 Тамаша бірдей сұлу Күз аруы.Олай болса, «Күз аруына» кезек берейік.

2 жүргізуші: 

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өркендер,

«Күз  аруы» сайысы аяқталсын,

 Қазылар берсін енді шын бағасын.

1-жүргізуші: О заманда қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар – дарындар
Көрейік тамашалап, көрермендер. Ендеше келесі кезекті топтарымыздың дайындап келген пародияларына кезек берейік.
2-жүргізуші:

Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп, қорытындылап болғанша бүгінгі кешіміздің қонағы ------------------------------«                  » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
2-Жүргізуші: 

Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

 Марапаттау рәсіміне кезек берелік.
(Жеңімпаз Күз аруын  марапаттау және ең әдемі Күз ханшайымы мен ең батыл да ержүрек ханзаданы анықтап марапаттау)

2-жүргізуші:

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар, - дей отырып 9-10 сыныптар арасында өткен «Сыбдыры сұлу алтын күз» атты күзгі балл кешін аяқтауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар!

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.