» » Тәуелсіздік тірегі - Білімді ұрпақ

 
 
 

Тәуелсіздік тірегі - Білімді ұрпақ

Автор: admin от 20-04-2016, 02:17, посмотрело: 674

0

      Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – Шу ауданындағы ең ірі және алдыңғы қатардағы білім ордаларының бірі. Мектеп 1928 жылы ашылған. 1928 – 30 жылдары бастауыш мектеп, 1930 – 35 жылдары жеті жылдық мектеп, 1935 жылдар бері қазақ орта мектебі болды. 1971 жылы мектепке ұлы жазушы – академик М. О. Әуезовтің есімі берілді.

       Мектепте 473 оқушы, 23 сынып, 58 ұстаз бар. Және 7 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Мектептің  өзекті тақырыбы:

«Білім беру мен тәрбие  үрдісінде оқыту мен оқу тәжірибесіне  жаңа тәсілдерді енгізу арқылы білім сапасын арттыру»,мектеп ұжымының алдына қойған мақсаты: «Оқушының жеке тұлғасын дамытуға  бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану. Мектептің өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының  дамуына қолайлы жағдай туғызу».  Жыл сайын мектеп түлектерінің 70-80 пайызына жуығы еліміздің жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастырады. Мектеп тарихында Республикаға белгілі ғалымдар, әдебиет пен өнер тарландары түлеп ұшқаны да белгілі.    Мектептегі әдістемелік бөлме мен мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктері – ұстаздардың шеберлігін шыңдау орны.    Елбасымыз белгілеген бағыт – бағдар негізінде беріп отырған  мемлекеттік білім беру саясатының заң талаптарын орындауда мектеп ұжымы үлкен жұмыстар атқарып келеді.

    Мектеп мұғалімдерінің тер төгіп, уақытпен санаспай жұмыс жасауының арқасында бірнеше жыл қатарынан ҰБТ-де жоғары балл жинап, аудан мектептері арасында  3-4 орынды иеленіп келеді. 2013-2014 оқу жылында үлкен жетістігіміздің бірі Батырхан Береке «Алтын белгі»иегері атанды.

   Елбасымыздың «Қазақстан – 2050»  жолдауына сәйкес толық жабдықталған компьютер, мультимедиа, физика, химия, биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай жұмыс жасап келеді.

   Мектеп мұғалімдері әр түрлі аудандық, облыстық  шараларға қатысып, жүлделі орындарға  ие болуда.

     Ел Президентінің «ХХІ ғасырда білім ала алмаған елдің – болашақта тығырыққа тірелері анық» -деген сөзін басты назарда ұстанған оқушылар Республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне дайындалып, онда жоғары нәтижеге қол жеткізу  үшін аянбай еңбек еткен болатын. Мектеп ұстаздары да олимпиадаға оқушыларды дайындауда білім беріп, жан-жақты теориялық білімдерін шыңдай түсуіне ,мектеп директорының оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дұрманов Тұрар үнемі ұстаздарды шығармашылық ізденіске талаптандырады. Мектепте мұғалімдердің шығармашылық жұмысы жүйелі түрде жұмыс атқаруда.

Мектептегі тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар бойынша тәрбие жұмысын жүзеге асыру жолдары бойынша 8 бағытпен жұмыс жүзеге асырылды. Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде табысты қазақстандық адамның бейнесін жасау үшін танымал адамдарды тарту арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, отбасын тәрбие процесіне белсенді тартуды  қамтамасыз етуде мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Құралбаева елеулі қызмет атқарып келеді.               Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою психолого-педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болмақ. Осы байланыстарды ескере отырып мектебіміздің психологі Ж.М.Текебаева балаларға бір-бірімен және ересекпен өзара қарым-қатынас жасауды жеңілдету, өз-өздерін бағалауды,достық қатынасты орнатуда,өмірді сүйе білуді үйретуде.


БӘД пәнінің мұғалімі Қ.Бектияров пен мектеп тәлімгері Т.Ахметжанованың ұйымдастыруымен  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты «Ауғанстан - жүрегіндегі жара» атты тақырыбында ауған соғысының ардагері Жақыбаев Мұхан  және Жансейітов Әсетпен  өткізген кездесуі Отанын  құрметтеп,сүюуіне,тарихы мен мәдениетін қастерлей білуге  оқушыларға ықпал етуде.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай сурет пәнінің мұғалімі Т.Құлдыбаев пен педагог-ұйымдастырушы Қ.Жанысбетованың ұйымдастыруымен сурет көрмесі өтті.

Қазақстан Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Жас Қыран» тобына білімді, озат оқушылар қабылданды. Қ.Жанысбетова,Т.Ахметжанованың ұйымдастыруымен  «Тілі басқа, тілегі бір..» атты  мерекелік концерт ұйымдастырылды.7 мамыр Отан қорғаушылар күніне «Жігіт сұлтаны-2014» байқауы өтті.Мектепішілік өткен «Жігіт байқауында» 10 сынып оқушысы Әлімбек Мадияр бірінші орын алып,ауданда мектеп намысын қорғап,бас жүлдені иеленсе,обылыста «Өнерлі жігіт»номинациясына ие болды.

 «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Менің елімнің рәміздері» байқауында 8 сынып оқушысы Қабылжан Индира бас жүлдені иемденді.«Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі Қ.Жанысбетова мектептегі бойында ақындық қабілеті мен журналист мамандығына икемі бар балалармен жұмыс істеуде. Бірнеше мектепішілік шаралар өткізіп,аудандық «Шу өңірі» газетінің журналисі Динара Батырхаировамен кездесу өткізіп,балалардың осы  мамандықтың қыр-сырымен танысып,үйренулеріне мол мүмкіндік жасады. Аудандық газет бетіне мақалалары жиі жарияланып жүрген 9 а сынып оқушысы Әлкен Аружан,  8а,ә сынып оқушылары Арыстанбек Әлия, Оспанбекова Рахима, 6 а сынып оқушысы Тоқабай Дианаларға  «Жас тілші» төсбелгісін тапсырды.

Бастауыш сынып мұғалімі А.Шербекова,қазақ тілінің мұғалімі А.Ыдырысова, география пәнінің мұғалімі Қ.Медетбекова, математика пәнінің мұғалімі Г. Омарова  мектепте оқытудың жаңа технологиялық әдістері: модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту басқа да әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізген озат ұстаздар. Жаңаша оқыту- әрбір  мұғалімнің міндеті.Білім сапасын көтеруде,оқушылардың   шығармашылық ойлау қабілетін дамытуда нәтижеге қол жеткізіп жүрген мұғалімдер де көп. Олардың қатарына математика пәнінің мұғалімдері : Ә. Мәсәліұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміҚ.Ықыласова,

 орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері:С.Жарқынбаев,Г.Аттыбаеваларды  атап өтуге болады. Осының негізінде мектеп оқушылары да аудандық, облыстық пән олимпиадаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде.

Мектепте оқушылардың «Зерде» деп аталатын ғылыми қоғамы жұмыс жасайды. Мұғалімдер  мен оқушылар арасында  ғылыми әдістемелік жұмысты жандандыруда Ж.Бекбаулованың еңбегі зор.

«Атадан туған ардақты ер» аудандық  Абай оқуларында 6 сынып оқушысы Әшім Сәкен ІІ орынды иеленсе, Махамбет оқуларында 8 сынып оқушысы Әлімжан Алуа І орынды, Әлкен Мағұрлан бас жүлдені жеңіп алды (жетекшісі Қ. Ықыласова)

      Оқушылардың ғылыми қоғамы-белгілі бір ғылым саласын терең меңгеруге арналған,оқушының қызығы мен қажеттілігін қамтамасыз етіп,дарын қабілетін жетілдіреді.Сонымен бірге дарынды оқушыларды анықтап,шығармашылық әлеуетін дамытады,ғылыми көмек береді. «Зерде» байқауына қатысып, бастауыш сынып оқушысы Қуантай Алдияр "Балалар неге жиі аурады" тақырыбында ғылыми жоба қорғап І орынды иеленді. «Қалдық заттарды кәдеге асыру» тақырыбында ғылыми жоба қорғап 3 а сынып оқушысы Нұрғалиұлы Дастан ІІІ орынды иеленді. 3 б сыны оқушысы Тұханқызы Жанерке «Шұбаттың пайдасы» тақырыбында ғылыми жоба қорғап ІІІ орынды иеленді.6 сынып оқушысы Маделбек Жаңыл «Қалдық заттардың пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жобасы облыстан І орынға ие болып,республикалық «Зерде» байқауында І орынды иеленіп,аудан,облыс намысын қорғады.

    Халықаралық «Кенгуру» , «Алтын тері», «Ақбота» интеллектуалдық  марафонына қатысушылары жылдан жылға көбеюде.2012-2013 оқу жылында Әлкен Аружан І орынды иеленсе, «Алтын тері» марафонынан 2011-2012 оқу жылында Жұмағұл Айгерім І орын, Оразымбет Еркеназ І орын, 2012-2013 оқу жылында Сапан Сымбат І орын жеңімпаздары атанды.2013-2014 оқу жылында 3 сынып оқушылары Құрман Нұрбол және Отынбай Жаннұр «Ақбота» марафонынан І орынды иеленсе, 9-10 сынып оқушылары Рахымбай Аяжан,Әлкен Аружан, Нұрсейтов Нұрбек, Кеңесбек Ақжол ІІІ орынды иеленді.

    Аудандық пән олимпиадаға Алпысбай Жанерке, Батырхан Береке, Әбітбек Шерхан, Батыр Шырай, Рахымбай Нұрбол Кеңес Нұрлыхан,Темірбекова Әмина, Бектен Қаламқас, Кеңесбекова Аяулым,Бұлашбек Айгерім,Аманжол Гүлфаризат,Әскерхан Айдана, ,Әли Ұлбосын,Әлімжан Алуа, Кеңесбеков Ақжол,Рахымбай Аяжан сияқты оқушыларымыз жүлделі ІІ-ІІІ орындарға ие болды.

    Оқушыларды түрлі байқауларға,пән олимпиадаларына,ғылыми жобаларға тарту,қатыстыру арқылы мына төмендегі ұстаздарымыз Төлебаева Нұрлығаш ,Байкулова Ләйлә, Ықыласова Қарлығаш, Айнақұлова Назгүл, Оразымбет Гүлбайра,Әлімбекова Ләззат Медетбекова Қалдыкүл, Әметқызы Сержанкүл ,Алиева Манзура,Сегізбаева Манзура,Имашева Ақмарал, Исаева Мерует Шербекова Ақкүміс,Мамешова Әлия,Бүйенбаева Нұрсұлу,Кенжебаева Жазира сынды жемісті еңбек етіп келе жатқан жаңашыл ұстаздардың дарынды балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі еңбектері орасан зор.

    Аудандық «Жас-жол инспекторлары» байқауында мектептің «Ұландар» тобы қатысып, жүлделі І орынға ие болды (жетекшісі Д. Ә. Медетбекова)

    Аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты мен жастар ұйымының бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен аудандық мектепаралық КВН лигасында мектебіміздің «Дарынды жастар», «Статус» топтары  жүлделі І орынды иеленді (жетекшісі Л. Азаматова)

   Аудандық «Бәйшешек» би байқауында   мектебіміздің 4 сынып оқушылары «Ерке қыз» би тобы жүлделі ІІІ орынға ие болды (жетекшісі Ә. Маханова)

    Бұл – біздің ұжымымыздың бір жылғы еңбегі. Алдымызда үлкен-үлкен асулар, белестер, таудай мақсаттар тұр.


Киелі білім ордасы уақыт озған сайын қоғам дамуымен бірге ілесіп, өркен жая түсуде. Аудандағы халықтар достығы, қазақтың тарихын, салтын, дәстүрін, өнерін елге танытуда еңбек етіп келеді. Қазақстан халқының мұраты- еркін халық болу, өзгелермен терезесі тең мемлекет өз ішінде береке – бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Тәуелсіздікті басымызға қондырған ең басты бақыт–өз таңдауымызды өзіміз жасауымыз, өз болашағымызды өзіміз болжауымыз.  Ауданымыздың  мәдени-қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар  ұлттық-мәдени орталықтармен бірге ынтымақтаса жұмыс жасап келеміз.

Мектептегі оқушылардың рухани дүниесін байытуға ұйытқы болып отырған кітапхана жұмысы да жақсы жолға қойылған. Оған тәжірибелі қызметкер Г. Мейірманқұлова жетекшілік етеді. Онда 15004 оқулық, оның ішінде 7489 мектеп оқулықтары, 5783 жаңа буын оқулықтармен толықтырылған.

Сондай-ақ, оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген қызығушылығын арттыру және жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектепте «Футбол», «Волейбол», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат» басқа да үйірмелер тұрақты жұмыс жасап келеді. Осындай жүйелі жұмыстардың негізінде мектеп оқушылары аудандық, облыстық жарыстарда алдыңғы орындарға ие болып жүр. Мектептің оқу тәрбие жұмысы аудандық білім спорт бөлімімен тығыз қарым-қатынаста. Бөлім әдіскерлерінің әдістемелік көмектері негізінде мектептегі оқу-тәрбие жұмысы жыл санап жаңашылдықпен жұмыстар атқаруда.

Тәуелсіз еліміздің темірқазығы саналған ,ауыл мектептері талай-талай танымал тұлғалардың балалық шағының куәсі болды,әлі де көптеген баланың жұлдызы жанары кәміл.

Бүгінгі таңда білімге үлкен жол ашылды. Осы жолда мектеп ұжымы қажымай-талмай жұмыс жасай беретіні шүбәсіз.

 

 

 

 

 

    

Жамбыл облысы Шу ауданы

Төле би ауылы Мұхтар Әуезов атындағы

орта мектеп директоры Әбенов Жасұлан Әлкенұлы

 

 

 

 

Категория: Мектеп туралы, Мектеп дәстүрі, Әкімшілік

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *