Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жазғы демалыста суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы нұсқаулықтар берілді.

Автор: admin от 27-05-2020, 01:54, посмотрело: 3

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің оқушыларына чат арқылы жазғы демалыста суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы нұсқаулықтар беріліп, судағы қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жаз айлары — су айдынында шомылу үшін өте қауіпті уақыт.
Суда болатын оқиғалардың басты себебі адамдардың суда өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоқтығынан:
Жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтардың болмауы;
Балалардың су маңында үлкендердің қарауынсыз, жалғыз қалуы;
Жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін дұрыс есептемеуі;
Шомылуға арналмаған жерде суға түсу.
Егер сіз суға кету,басқа да қауіпті жағдайларының куәсі болсаңыз "111" сенім телефонына немесе"112" құтқару қызметінің телефонына қоңырау соғыңыз.
Жазғы демалыста суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы нұсқаулықтар берілді.
Жазғы демалыста суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы нұсқаулықтар берілді.
Жазғы демалыста суға шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы нұсқаулықтар берілді.

Категория: Қауіпсіздік, Оқушыларға

 

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Автор: admin от 24-05-2020, 13:53, посмотрело: 4

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің қызметкерлері тарапынан суға шомылып жүрген балалар мен ауыл тұрғындарына рұқсат етілмеген жерлерге суға түсудің қауіптілігі туралы ескертулер жасалынды. Түсіндірме жұмысы барысында суда шомылу ережесін ұстану туралы жадынама парақшалары таратылып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Категория: Қауіпсіздік, Оқушыларға, Ата-аналарға

 

ҰБТ- ға тиімді дайындалу жолдары" тақырыбында ата-ана мен оқушыға ZOOM желісі арқылы конференция өткізді.

Автор: admin от 24-05-2020, 09:30, посмотрело: 8

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің психологы "ҰБТ- ға тиімді дайындалу жолдары" тақырыбында ата-ана мен оқушыға ZOOM желісі арқылы конференция өткізді. ҰБТ ға дайындық кезінде 3 жағдайдың әсері жақсы дайындық, ағза мен ми жақсы күйде болуы, жабығу жағдайына ұшырамау үшін не істеу керек, ҰБТ ні сәтті тапсыру техникасы туралы айтылды. Ата -аналарға баланың дайындық барысында көмегі мен қолдауы туралы кеңес берді. Эмоцияларды тыныштандыру босаңсыту үшін, таным процестерін дамыту мақсатында нейрогимнастикалық жаттығулар жүргізілді.Онлайн конференция соңында ҰБТ қорытындысында қандай нәтиже болса да, бұл өмірдегі бір белес ғана деп білулері керектігі және алда оқушыларды үлкен өмір жолы күтіп тұрғандығы туралы айтып , сәттілік тіледі.
ҰБТ- ға тиімді дайындалу жолдары" тақырыбында ата-ана мен оқушыға ZOOM желісі арқылы конференция өткізді.
ҰБТ- ға тиімді дайындалу жолдары" тақырыбында ата-ана мен оқушыға ZOOM желісі арқылы конференция өткізді.

Категория: Ақпарат, Оқушыларға, Әдістеме мен практика

 

Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы

Автор: admin от 19-05-2020, 07:35, посмотрело: 22

0 Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің әкімішілігі сіздерге Жамбыл облысы əкімдігінің білім басқармасының 2020 жылғы 4 мамырдағы шығыс № 02-2082 хатын және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 5 мамырдағы шығыс №05-4193 хатын негізге ала отырып, төмендегіні хабарлайды:
Мектеп әкімшілігі тарапынан ақша жинауға қатаң тиым салынатындығы туралы ата-аналарға
чат арқылы хабарлама жіберілді.
Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы бұйрық шығарылған.
Мектебімізде ата–аналар тарпынан жөндеу жұмыстарына қаражат жинауға, мұғалімдерге сыйлық беруге, басқа да іс – шараларға ақша жиналмауы, ата–аналар комитеті тарапынан да, заңсыз ақша жиналмауы қатаң қадағалауда болады.
Осыған байланысты оқу жылы соңында мектеп бітіру кештері, аттестат тапсыру, ҰБТ-ге қатысу т.б. мақсаттарда мектеп түлектері тарапынан ұстаздарға сыйлық жасауға қатаң тыйым салынатындығын ескертеміз!
Құрметті ата-аналар!
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында биылғы оқу жылын аяқтау, аттестат құжаттарын тапсыру рәсімі ерекше жағдайда жүргізілуіне байланысты туындаған жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз!
Оқу жылының аяқталуына байланысты мерекелік кеш, ойын-сауық құруға және қалаға, ауыл сыртына демалу мақсатында шығуға қатаң түрде тыйым салынатындығы туралы ескертеміз!

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің әкімшілігі.
Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы
Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы
Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы
Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы
Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы
Мектебімізде мұғалімдерге және мектепке сыйлық жасау үшін ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салу туралы

Категория: Ақпарат, Оқушыларға, Ата-аналарға

 

Окушылырына мамандыққа бағытын анықтау тестін ұсынды.

Автор: admin от 7-05-2020, 08:28, посмотрело: 17

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің психологы 9-10 сынып окушылырына мамандыққа бағытын анықтау тестін ұсынды. Сонымен қатар ата- аналарға мамандық таңдауда баланы қалай қолдау керек? Заманауи мамандықтарға дайындау үшін не істеу керек? Ата-ананың міндеті - балаға мамандық таңдау емес, дұрыс кәсіптік бағыт - бағдар беру керек екенін ұмытпауға кеңес берілді.

Категория: Ақпарат, Оқушыларға

 

Оқушыларына есте сақтау қабілеттерін жақсарту

Автор: admin от 7-05-2020, 08:26, посмотрело: 22

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің психологы 9-11 сынып оқушыларына есте сақтау қабілеттерін жақсарту мақсатында пайдалы кеңестерін берді.
1) Ой жаттығуларын жасау - ойша санау, сөзжұмбақ шешу, логикалық сұрақтарды шешу, шет тілдерін меңгеру, өлеңдер жаттау мидың жақсы жұмыс істеуіне тиімді әдістер.
2) Жүзім шырынын ішу.
3) Физикалық белсенділік- жаяу жүру, жүгіру, билеу.
4) Дауыстап айту, жазу.
5) Ұйқының дұрыс болуы.
6) Релаксация, медитация, иога, массаж жасау.
7) Көзге арналған жаттығулар жасау.
8) Дұрыс тамақтану, антиоксиданттарды жеу.
9) В12, С, Е дәрумендерін пайдалануға кеңес берілді.

Категория: Ақпарат, Оқушыларға

 

ҰБТ ға дайындалудың тиімді жолдары

Автор: admin от 7-05-2020, 08:22, посмотрело: 20

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің психологы 11 сынып оқушыларына ҰБТ ға дайындалудың тиімді жолдары тақырыбында бейнебаян жолдады. "Күн тәртібі мен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, ата-ана баланы психологиялық тұрғыдан қалай қолдау керек?", "Тест күні не істеу және өзіңді қалай ұстауың керек?", "Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?" тақырыптарында кеңестер берді. Сонымен қатар есте сақтау, зейін салу және ойын жинақтауға пайдалы азықтарды пайдалануға кеңес берді

Категория: Ақпарат, Оқушыларға

 

Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде"

Автор: admin от 22-04-2020, 08:17, посмотрело: 48

0 Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде" деп бағалаған қазақ халқы әуелден-ақ ұлмен қыздың тәрбиесін жеке-жеке бөліп қарап, ерекше мән берген. Бала тәрбиесіндегі осындай маңызды ерекшелік арқылы ұлды батылдыққа, ержүректілікке, отбасын асырауға, мал тауып, қолөнер шеберлігімен айналысуға үйреткен. Ал, қыз баланы ибалылық, әдептілік, сыпайылық секілді ізгі қасиеттерді бойына сіңіре отырып, үнемшілдікке, тәуекелшілдікке бағыттаған. Сараңдықтан өзін аулақ ұстауға тәрбиелеп, ас пісіру, кесте тігу, өрмек тоқу секілді өнерге баулыған.
"Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле" деген қазақ халқы ежелден бала тәрбиесін ұлттың келешегімен байланыстырып қараған. Халқымыздың ұлттық дәстүрді ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығына мән бергендігін бала дүниеге келгеннен бастап орындалатын жөн-жоралғылармен салт-дәстүрлерден аңғаруға болады. Сонымен қатар, тәрбиені талбесіктен бастайтын қазақ отбасылары ең алдымен баланың алдында өздерінің барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгілі жақтарын көрсетуге тырысқан.
Отбасында ата-ана баланың өмірлік ұстазы болып саналады. Өмірге жаңа қадам басқан баланың болашағы, оның алған білімі мен өнегесі ата-ананың еткен еңбегіне, берген тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. "Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, досынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады", - дейді Абай атамыз. Иә, жас шыбықтай иілгіш келетін бала да жақсы мен жаманға бірдей бейім болып келетіні көпшілікке белгілі. Ата-анасының әрбір жасаған әрекетін көріп өскендіктен, олардың болмысындағы бар әдеті де бала тәрбиесіне ықпал етеді.
Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде"
Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде"
Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде"
Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде"
Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде"
Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде"

Категория: Ақпарат, Оқушыларға, Ата-аналарға

 

Зорлық-зомбылық түрлері мен күш көрсетпеу ережелері.

Автор: admin от 22-04-2020, 07:15, посмотрело: 49

0
Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және не оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы
өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл
жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.
Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі, жыныстық құмарлықты ояту үшін балаға қатыгездікпен қарау. Басқа баланың жыныстық мүшелеріне қол тигізу/ұстау, баланы жыныстық белсенділікке қатысуға шақыру (нәтижесіне қарамай), жыныстық мүшелерді жалаңаштап көрсету, балаға порнография көрсету және баламен жыныстық қатынасқа түсуді қамтиды.
Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орнала-
стыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі
қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды
қамтиды.
Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық
жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.
Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу,
баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз позада ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) да қамтылады.
Зорлық-зомбылық түрлері мен күш көрсетпеу ережелері.
Зорлық-зомбылық түрлері мен күш көрсетпеу ережелері.
Зорлық-зомбылық түрлері мен күш көрсетпеу ережелері.
Зорлық-зомбылық түрлері мен күш көрсетпеу ережелері.

Категория: Қауіпсіздік, Оқушыларға, Ата-аналарға

 

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

Автор: admin от 22-04-2020, 07:12, посмотрело: 19

0 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде ЮНИСЕФ қоры мен ҚР денсаулық министрлігінің кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид мәселесі қоғамда белең алып отыр. Осы мәселені шешуде ата-аналар, мұғалімдер, құрбы-құрдастары біріге жұмыс жасау арқылы суицидалды іс-әрекеттерді болдырмаудың алдын алу іс-шараларын жүргізу маңызды болып табылады. Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр.Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта 6-10 пайыз құрайды. Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады. Осындай келеңсіз жағдайлар барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі қиын кездерді бастарынан өткізеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан, қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді.
Оқушылардың өзін психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру шеңберінде білім беру үдерісін қалыптастыруда жасына қарай психофизиологиялық ойлау өте маңызды. Оқушы өзі туралы көбірек түсінуге, өз дамуының ерекшеліктерін білуге тағы басқа өзінің жағдайын еңсеруді білуге тиіс, бұл мағынаны тануға жатады,баланы осыған үйрету керек. Мектептегі бұл жауапты жұмыс әлеуметтік педагог және сынып жетекшісіне, пән мұғалімі мен педагог-психологқа негізделіп жүктелген.
Мектептің педагогикалық ұжымы мен әкімшілігі тарапынан жасөспірімдер мен балалар арасында қарым-қатынастарға назар аударылып, суицидтік мінез-құлығына қарай, өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде жаңа технологияларды қолдана отырып, мектептегі қалыптасқан жағдайды талдау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Бұл ретте жалпы мектебіміздегі оқушылардың ата-аналары мен педагог кадрларының тиімді ынтымақтастығын жүзеге асыру, соның ішінде бірлескен құқықтық-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы болып табылады.
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

Категория: Қауіпсіздік, Оқушыларға, Ата-аналарға

 
Назад Вперед