Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында іс-шара жоспары

Автор: admin от 26-11-2018, 02:13, посмотрело: 77

1 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде 19-30 қараша аралығында
«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында іс-шаралар өткізіліп жатыр

Категория: Ақпарат

 

Мектепішілік кіші футболдан жарыс өткізілді

Автор: admin от 23-11-2018, 21:22, посмотрело: 33

1 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде "1 желтоқсан - Қазақстанның тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орай оқушылар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 8,9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І-ші орынды 8"а" сынып оқушылары, ІІ-ші орынды 11"а" сынып оқушылары, ІІІ-ші орынды 9"а" сынып оқушылары иеленді.

Категория: ---

 

ҚР Президенті Н.Назарбаетың "Ұлы даланың жеті қыры" атты Қазақстан тарихы туралы мақаласын мектеп ұжымы арасында насихаттау, талқылау

Автор: admin от 23-11-2018, 19:45, посмотрело: 24

1 Мектебімізде Елбасының жаңадан жарияланған мақаласын талқылау үшін ұстаздар қауымы арасында жиын өтті.Жиынды аудандық мәслихаттың депутаты, мектеп басшысы Жасұлан Әлкенұлы кіріспе сөзімен ашып, Елбасының жуырда ғана жариялаған "Ұлы даланың жеті қыры" атты Қазақстан тарихы туралы мақаласына тоқталды. Мектеп басшысы өз сөзінде "Бұл маңызды құжат бір жарым жыл бұрын жарияланған "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласының жалғасы. Президенттің мақаласы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі "Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт", екінші бөлімі "Тарихи сананы жаңғырту" деп аталады. Елбасымыз жаһандық тарихтағы өз рөлімізді дұрыс пайымдауға шақырып, ұлттың дамуы, ұлттың өзін сақтауы, ішкі тұтастығымызды, сыртқы абырой беделімізді сақтап қалу, бәрі-бәрі мақалада кеңінен талқыланған" деп атап өтті. Елбасының мақаласына орай мектеп ұжымы өз пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Жасұлан Әлкенұлы бұл мақаланың еліміз үшін, келешек ұрпақ үшін аса маңызды екендігін айта келіп, тарих пәні мұғалімдеріне және сынып жетекшілерге Елбасымыздың көреген саясатының жемісінен туындап отырған "Ұлы даланың жеті қыры" атты Қазақстан тарихы туралы мақаласын оқушыларға түсіндіру жөнінде нәтижелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Категория: ---

 

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Автор: admin от 22-11-2018, 00:37, посмотрело: 32

1 Мектебімізде бұл ауқымды іс-шараға аудандық жоспарға сәйкес алдын ала апталық жоспары құрылды. Жоспар бойынша төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды.
• «Күш көрсетудің алдын алу. Отбасының мәселесі мектеп пен қоғам мәселесі» тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына мектеп психологы Сексенбаева Балнұр дөңгелек үстел ұйымдастырды.
• Рейд жүргізу-кәмелет жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдырмау, алдын алу мақсатында 8-11сынып оқушылары қадағалауға алынды және балалардың кешкі мезгілде көшеде жүруге болмайтындығы туралы ескерту берілді.
• Балаларға мультфильмдер мен фильдер көрсетілімін ұйымдастыру бойынша балалық шақтық нағыз бақытты шағы ретінде 2сыныптарға «Алдаркөсе» мултфильмі көрсетілді.
• «Біз болашақтағы денсаулық үшін» ата-аналарға кеңес сағаты ұйымдастырылды. Кеңеске сыныптардағы ішімдікке әуестенген отбасылардың ата-аналары шақыртылды. Зиянды әдеттердің бала болашағына қалай әсер ететіні жайлы фильмдер көрсетіліп, жаман әдеттен арылуға кеңес берілді.
• «Анам,әкем және мен-бақытты отбасымыз» атты 5 сынып ата-аналары арасында спорттық эстафета өткізілді. Сайысқа барлығы 3отбасы қатысты. Эстафета 3 кезең бойынша ұйымдастырылды, спорттық сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Асыловтар» отбасы, ІІ орыды «Жантаевтар» отбасы, ІІІ орынды «Онбаевтар» отбасы жеңіпалды.
• «Балалық заңмен қорғалған» Әсенова Мархаба мен Отарбай Айдананың ұйымдастырыуымен 10сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
• «Жасөспірімдердің жыныстық даму қауіпсіздігі» тақырыбында 8-11 сынып қыздарына аудандық аурухана дәрігері кеңесберді.
• «Нашақорлықсыз әлем» тақырыбында Жанысбетова мен Садырова фотокөрме ұйымдастырды
• «Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты мектеп кітапханашысы Мейірманқұлова фотокөрмесін ұйымдастырды.
• «Ерте жастан отбасын құрудың пайдалы және пайдасыз тұстары» тақырыбында
8-11 сынып оқушыларына мектеп психологы Сексенбаева мен аудандық аурухана дәрігері кеңестерін беріп,қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Категория: ---

 

"Қасиетті шаңырақ" үнқағазының алғашқы саны

Автор: admin от 20-11-2018, 05:17, посмотрело: 19

1 Мектебіміздің тоқсанына бір рет шығатын "Қасиетті шаңырақ" атты мектепішілік үнқағаздың 2018-2019 оқу жылындағы алғашқы саны жарыққа шықты. Үнқағазда "Жас қаламгер" үйірмесіне қатысатын оқушылардың мақалалары тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Категория: ---

 

Қауіпсіз мектеп

Автор: admin от 16-11-2018, 00:22, посмотрело: 21

1 Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі 2018 жылғы 25 тамыздағы №615 бұйрығын және аудандық білім беру мекемелерінде "Қауіпсіз мектеп" акциясының 2018 жылғы жоспарын орындау мақсатында "Мұғалімдер ұжымы, кіші қызметкерлер және оқушыларды өрт және апаттық жағдайда эвакуциялау" атты тақырыпта Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде сейсможаттығу өткізілді.

Категория: ---

 

Latyn álipbıine kóshý-zaman talaby

Автор: admin от 15-11-2018, 21:31, посмотрело: 26

1 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Latyn álipbıine kóshý-zaman talaby" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталған шарада оқушылар жан-жақты мағлұмат алып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Категория: ---

 

Ұстаздар мен оқушылар арасында республикалық жалпыхалықтық диктант өткізілді.

Автор: admin от 14-11-2018, 20:54, посмотрело: 21

1 М.Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде ҚР Президентінің 2018ж 19ақпандағы N637 Жарлығына сәйкес "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс -шаралар жоспары"негізінде ұстаздар мен оқушылар арасында республикалық жалпыхалықтық диктант өткізілді.

Категория: ---

 

2018 жылдың 10 қараша күніМұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру,сайлау жиналысы өтті

Автор: admin от 10-11-2018, 04:59, посмотрело: 41

1 Қараша айының 10 күні Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру,сайлау жиналысы өтті.Жиынға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Сихымова Алтын мен мектеп директоры Әбенов Жасұлан сөз сөйледі. Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының басшысының осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып,жаңа мерзімге көпшіліктің дауыс беруі арқылы қайта сайланды. Жиын соңында кәсіподақ ұйымының мүшелері марапатталып,бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім – болмысы жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым - кәсіподақ. Халық арасында зор сенімге, беделге ие ұйым-деп айтсақ та артық емес. Елбасының бағдарламасында көрініс тапқан негізгі бағыттар мен Қазақстан кәсіподақтарының съезі алға қойған жеті стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар көп- ақ. Басты мақсат: еңбек ұжымдарындағы заңдылықтар мен қауіпсіздік техникасын қадағалау, лайықты еңбекақының сақталуы, кәсіподақ ұйымының жұмысын нығайту, жұмысшылардың мүддесін қорғау- деді, өз сөзінде бастауыш кәсіподақ ұйымының басшысы Батырбекова Шынар.

.

Категория: ---

 

Мұғалімдер арасында аудандық спартакиада өтті

Автор: admin от 6-11-2018, 21:31, посмотрело: 30

1 Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінде волейболдан мұғалімдер арасында аудандық спартакида өтті. Әр аймақтан келген 10 команда өзара бақ сынасты.Ойын өте тартысты өтіп, І орын Е.Бекмаханов атындағы орта мектебі, ІІ орынды Домалақ Ене орта мектебі, ІІІ орынды М.Әуезов атындағы орта мектебі иеленді

Категория: ---